Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ министрі: Түркияға барған қазақстандық құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды

Опубликовано:

ТЖМ құтқарушылары
ТЖМ құтқарушылары. Фото: t.me/qr_tjm

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан құтқарушыларға ақшалай сыйақы беру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды. Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын", - деп жауап берді Юрий Ильин БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұл ретте министр ведомство қызметкерлерінің жалақысы өсетінін атап өтті.

Министрдің сөзінше, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70 пайызға дейін ұлғаяды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркияға барған құтқарушылардың бәріне министрлік бюджетінен ақшалай сыйақы төленетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2012015-tz-ministri-turkiyaga-bargan-qazaqstandyq-qutqarusylar-aqsalai-syiaqy-almaidy/

pixel