Елімізде бір жылда үйдің бағасы қаншаға өсті
Жарияланған күні:
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда бір жылда пәтерлерді қайта сату мен жаңа тұрғын үйлерді сатудың бағасы қаншаға өскені туралы ресми мәліметтерді ұсынды. Бұл мәліметтерге сенсек, пәтерлерді қайта сату бағасы бойынша ең жоғары өсім Семей қаласында тіркелген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда (2023 жылғы ақпан - 2022 жылғы ақпан аралығы) пәтерлерді қайта сату бағасыы 13 пайызға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 14 пайызға өскен.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8 пайызға артты.
Сонымен қатар өңірлер бойынша жаңа үйлер нарығында баға бір жыл ішінде Ақтөбеде 25,4 пайызға және Ақтауда 25,2 пайызға өскен.
"Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41 пайыз), Қызылорда (39,9пайыз), Ақтөбе (36,9 пайыз), Ақтау (35,4 пайыз), Қостанай (30,9 пайыз) қалалары тұр, ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7 пайыз), Қостанай (51,9 пайыз), Алматы (49,6 пайыз) және Петропавл (49,3 пайыз) қалаларында тіркелді", - делінген бюро таратқан ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2012315-elimizde-bir-zylda-uidin-bagasy-qansaga-osti/