Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табысы төмен отбасыларға ипотеканы қалай рәсімдеуге болады

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған кішкентай қыз
Ақша санап отырған кішкентай қыз. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Табысы төмен отбасыларға ипотеканы қалай рәсімдеуге болады? Бұл сұраққа Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Отбасы банктің" Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данагүл Түсіпова жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Данагүл Түсіпованың айтуынша, табысы төмен отбасылар "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларына қатыса алады. Ол үшін олар жергілікті атқарушы органдарға жүгініп, баспана кезегіне тұруы керек.

"Бұл бағдарламалар үшін төлем қабілеттілігінен өтудің жеке шарттары бар, мұнда әрбір отбасы мүшесінің шығындары азырақ сомада есептеледі, сондай-ақ бұл бағдарламалар бойынша бастапқы жарна жеңілдетілген және айтарлықтай төмендетілген", - дейді Данагүл Түсіпова.

Сонымен қатар спикер "Отбасы банкінде" жастар, жас жанұялар үшін қандай тиімді, қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар барын айтты.

"2017 жылдан бастап қаламызда "Алматы жастары" жеңілдетілген бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол барлық өңірде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. "Елорда жастары", "Ұлытау жастары" бағдарламалары бар. Мұнда әр аймақта несие беру шарттары әр түрлі.

Мәселен, "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты жеті салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі. Биыл тағы өзгерістер жоспарланып отыр, енді әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарлама басталғаннан кейін хабарлаймыз. Біз 1100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна 10 пайыз, пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз болады", - дейді "Отбасы банк" өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2014222-tabysy-tomen-otbasylarga-ipotekany-qalai-rasimdeuge-bolady/