Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді қазақстандықтар 0,01 пайызбен тұрғын үй несиесін онлайн түрде ала алады

Жарияланған күні:

Арбаға салынған үйдің макеті
Үйдің макеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда азаматтар үшін төмен пайызбен жеке тұрғын үй сатып алуға арналған несиелік бағдарлама қарастырылған. "Отбасы банкі" несиені алу шарттарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қазақстанда ипотека нарығының өнімі қымбат болғандықтан, оны төлеуге әркімнің шамасы келе бермейтіні анық.

Сол себепті кейбір қазақстандықтар несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі төмен тұрғын үй бағдарламалары мен түрлі жеңілдіктерді қарастыруға тырысады.

Соның бірі – "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама аясында оған қатысушыларға жеке тұрғын үй сатып алу үшін немесе үй тұрғызу үшін несиеден бөлек, көтерме жәрдемақысы да беріледі.

Бұған дейін бағдарламаға қатысуға өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіну керек болатын. Қазір бұл үдеріс жеңілдеп, цифрландырылған.

"Дипломмен ауылға" жобасына қатысуға өтініш беру үшін otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭСҚ арқылы өтінішке қол қою керек.

Бағдарламаның шарттары қандай

Бағдарламаға ауылға енді келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және ауылда бірқатар мамандық бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады.

Әдетте бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтегі әкімдердің мемлекеттік қызметкерлері (әкімдер мен олардың орынбасарларын қоспағанда) қатысады.

Айта кетейік, аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын аталған мамандықтар бойынша өз елдімекендерінде сұранысқа ие жұмыскерлердің тізімін дайындайды және сол тізім бойынша жас мамандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Несие беру шарттары қандай

  • несие мөлшерлемесі – 0,01% құрайды;
  • несиенің ең жоғары сомасы 1 500 АЕК (2023 жылы 5 175 000 теңге);
  • несие ең ұзағы 15 жылға беріледі;
  • бағдарламаға қатысушы өз мамандығы бойынша ауылдық өңірде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге тиіс.

"Дипломмен ауылға" жобасының қатысушылары несиеден бөлек, 100 АЕК (345 000 теңге) көлемінде көтерме жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Сондай-ақ онлайн өтініш беруге болады.

Цифрлық бағдарламаның іске қосылу күні әлі белгілі болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2015314-endi-qazaqstandyqtar-001-paiyzben-turgyn-ui-nesiesin-onlain-turde-ala-alady/