Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сатып алынған пәтер не үйден қазақстандықтар қандай жағдайда айырылып қалуы мүмкін

Жарияланған күні:

Үйдің терезсін ашып жатқан әйел
Пәтер терезесінің маңында тұрған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тұрғын үйді сатып алып, толық төлемді жасағанның өзінде бұл сатып алушының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Қай уақытта мәміленің күші жойылуы мүмкін екені туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Әдетте азамат пәтер немесе үй сатып алған жағдайда сату-сатып алу шартына қол қойып, сатушыға қажетті соманы береді.

Одан кейін сатып алушы меншік құқығын бекіту ету үшін, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мәселелерін шешу үшін кейбір процедуралардан өту қажет. Көп жағдайда бұл жылжымайтын мүлікті еш кедергісіз сатып алу үшін жеткілікті.

Дегенмен кей кезде барлық міндетті шара орындалғанның өзінде мәміле жарамсыз деп танылу ықтималдығы бар.

Үй сатып алу кезінде қандай кедергілер болуы мүмкін?

Жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде ең маңызды шарттардың бірі - құжаттарды мұқият тексеру. Әсіресе жеке тұлғалардан қайталама тұрғын үйді сатып алып жатқанда зейін салу керек.

Мысалы, құжаттардың ашықтығы мен сатушы тарабынан келісімшарттың рәсімделуіне назар аудару керек.

Себебі егер ол некеде болса және мүлкі ортақ меншікте болса, онда пәтерді немесе үйді сатуға жұбайының да келісімі қажет болуы мүмкін.

Кейбір қазақстандықтар өздерінің ерлі-зайыптыларын келісімшартқа араластырғысы келмей, "некеде емеспін" деп белгілеп қояды. Бірақ бұл болашақта кері әсерін тигізуі мүмкін: бір жыл ішінде мұндай мәміле жарамсыз деп танылу қаупі бар.

Яғни келісімі алынбаған сатушының жұбайы шағымданып, мәміленің күшін жоюы да мүмкін. Нәтижесінде сатып алушыға қатысты сот тергеуі басталып, ақшасының бір бөлігін және сатып алынған мүлкін жоғалтуы да ықтимал.

Банкроттыққа байланысты үй сатып алуда қандай кедергілер туындауы мүмкін?

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандықтар қарыздарын өтеу үшін банкроттық процедурасынан өте алады. Бірақ оның да салдары бар.

Мысалы, борышкердің қаржылық және мүліктік жағдайы өтініш бергенге дейін үш жыл бойы мұқият тексеріледі және одан кейін тағы үш жыл бойы бақылауға алынады.

Және бұл жағдайда қауіп сатушының өзінен туындайды. Яғни сатушы пәтерін сатқаннан кейін қарызды өтеу туралы өтініш беруі мүмкін. Ал оның қаржылық жағдайын тексерген кезде жасалған мәміле өзін банкрот етіп көрсету үшін мүлікті жасырудың қасақана әрекеті ретінде қарастырылуы мүмкін.

Finance.kz Telegram-арнасының жазуынша, бұл жағдайда шешімді қаржы менеджері – борышкердің жағдайын бағалайтын адам қабылдайтын болады.

"Бұл кез келген сатып алынған жылжымайтын мүлікті күмәнді ететін кедергі. Өйткені адам сол үш жылдың ішінде оны сатып жіберіп, кәсіп ашады, несие алады, банкроттық туралы арыз бере алады - нәтижесінде оның мәмілесі күмән тудыратын болады, ал одан кейінгі шешім қаржы менеджерінің этикасы мен кәсібилігіне байланысты болмақ.

Үш жыл ішінде пәтерлер қымбаттауы мүмкін, ал заңға сәйкес мәміленің күші жойылады. Адал сатып алушы ақша алады, ал банкрот болған адам сол уақыт ішінде айтарлықтай қымбаттаған пәтерді алуы мүмкін", - деді дереккөз.

Тоқетерін айтқанда сатып алушы өз ақшасын қайтарып алғанның өзінде, біршама уақыт өткеніне байланысты баспананың құны әжептеуір өсуі мүмкін. Сондықтан сатып алушыға жаңа пәтер алу қиын болуы ықтимал.

Сондықтан қазақстандықтар болашақта баспанадан айырылып қалу қаупінен сақтану үшін сатып алу кезінде құжаттардың рәсімделуіне назар аударып, тексеруге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2015828-satyp-alyngan-pater-ne-ui-qazaqstandyqtardan-qandai-zagdaida-tartyp-alynuy-mumkin/