Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"700 мың теңге": Қазақстанда қай салада жалақы жоғары

Опубликовано:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы жоғары салалар мен өңірлерді атады. Бұл туралы статистика бюросы ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгені құраған. 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда биыл өсім 19,3 пайызды құраса, нақты мәнде – 0,6 пайыз төмендеген.

Медиандық жалақы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсандағы бағалау бойынша 225 736 теңгені құраған.

2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда биыл орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі құрылыста – 34,5 пайыз, ақпарат және байланыста– 30,3 пайыз, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2 пайыз салаларында байқалған.

2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі биыл көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалған – 8,6 пайыз.

Салалар бойынша орташа жалақыны ең жоғары мөлшері:

  • Тау-кен өндіру саласында – 766 555 теңге;
  • қаржы және сақтандыру секторында – 602 114 теңге;
  • ақпарат және байланыс саласында (541 218 теңге) байқалған.

Орташа жалақының ең төменгі деңгейі:

  • Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығында (179 388 теңге) байқалған.

Өңірлер бойынша 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелген. Өсім 29,4 – пайыз. Сондай-ақ орташа айлық жалақының ең жоғары мөлшері де Атырау облысында тіркеліп отыр – 618 420 теңге.

Орташа айлық атаулы жалақының ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында –11,9 пайыз, ал ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да (241 102 теңге) тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019732-700-myn-tenge-qazaqstanda-qai-salada-zalaqy-zogary/

pixel