Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты үндеу жасады

Опубликовано:

Банкаға салынған ақша
Ақша жинау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде "ең төменгі жеткілікті шегіне жетпесе де зейнетақы жинақтарын алуға болады" деген ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты БЖЗҚ өкілдері қордың Instagram желісіндегі ресми парақшасында үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан пайдалануға болмайды.

Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат таратылуда.

БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін ескертіп, мұндай хабарламаларды елемеуге кеңес беретінін атап өтті.

"Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады" , - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019969-bzzq-zeinetaqy-zinagyn-merziminen-buryn-paidalanuga-qatysty-undeu-zasady/

pixel