Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

МӘМС қызметкерлері қанша жалақы алады: қор мәлімет жариялады

Опубликовано:

Теңге
Ақша ұстап тұрған бойжеткен. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметов МӘМС қорының орталық аппаратын ұстау үшін жылына қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәбит Ахметов қордың орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінде мыңға жуық адам жұмыс істейтінін айтты.

"Орташа алғанда, 2022 жылдың соңында қызметкерлерге шамамен 9 млрд теңге жұмсалды, бұл орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін есепке алғанда мыңға жуық адам. Орташа жалақы шамамен 450 мың теңгені құрайды", - деп толықтырды ол.

Оның бағалауынша, бұл сома жоғары емес, сондықтан жұмысшы кадрларының тұрақсыздығы байқалады.

"Біздің кадрлардың ауысуы жыл сайын шамамен 22 пайызды құрайды, яғни әрбір бесінші адам жыл сайын жұмыстан кетеді. Жұмыс көлемі өте үлкен болғандықтан, жұмыс көп, сәйкесінше олар шыдай алмайды. Айлығымыз жақсы болса, адамдар бізден кетпес еді деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2021292-mams-qyzmetkerleri-qansa-zalaqy-alady-qor-malimet-zariyalady/

pixel