Қазақстандағы қай банктер мерзімі өткен несиелер көлемін азайта алды
Опубликовано:

Қазақстанның банктері төлеу мерзімі өтіп кеткен «нашар» несиелер көлемін азайту үшін қарқынды жұмыс істеуде. Қай банктер мерзімі өткен мұндай несиелер көлемін сәтті азайта алғанын Finprom.kz сарапшылары айтып берді.
Төлем мерзімі өтіп кеткен несиелер шоттары бұғатталу және айыппұл санкцияларының салыну қаупі төніп тұрған банк клиенттері үшін ғана емес, қаржы ұйымдары үшін де проблемаға айналған. «Нашар» несиелердің бар болуы банк портфелінің сапасына әсер етеді. Сондықтан әр банк өз портфеліндегі «нашар» несиелер көлемін азайтуға ұмтылады.
Мәселен, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктердегі мерзімі өткен несиелер сомасы 1,1 трлн теңгеге тең. Бұл бұған дейінгі аймен салыстырғанда 7,4%-ға артық. Бұл ретте төлем мерзімінен 90 және одан да көп (NPL 90+) күнге кешіктірілген «нашар» қарыздар саны да артқан. Олардың елдегі саны 2,5%-ға артқан, жалпы сомасы 847,4 млрд теңгеге тең. Бұл ретте Қазақстанның екінші деңгейдегі банктердің несие портфелі бір ай ішінде 1,4%-ға артқан ( 24,6 трлн теңгеге дейін).
Төлем мерзімі 30 күннен асып кеткен қарыздар үлесіне келер болсақ, олардың Қазақстандағы екінші деңгейлі банктеріндегі жалпы несиелер көлеміндегі үлесі 4,6%-ға тең болған (бұдан бір ай бұрын бұл көрсеткіш 4,3%-ға тең). NPL 90+ үлесі өз кезегінде 3,4%-ға тең (пайыздық пунктердің бір ай ішіндегі көрсеткіші 0,03-ға артқан).

Бұл орайда соңғы айда несие портфелін елдегі топ он екінші деңгейлі банктің тек алтауы ғана арттыра алды. Бұл секторға барлығы екінші деңгейлі банктердің 13-і қатысады.
Еліміздің ең ірі топ он кредитор банктің ішінде тек бір қаржы ұйымы ғана төлем мерзімі 30 күннен асып кеткен несиелердің жалпы көлемін азайтуға қол жеткізе алды. Бұл - Jusan Bank.
Банктегі мұндай несиелер саны 2,8%-ға азайды. 2023 жылғы наурыз айындағы қорытынды бойынша жалпы сома 142 млрд теңгеге дейін кеміген.
Ал төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер көлемін Қазақстандағы екі ЕБД қана азайта алды. Бұл ретте де үздік көрсеткіш Jusan Bank-те тіркелді: бір ай ішінде минус 3,3%, яғни сома 131,2 млрд теңгеге дейін азайған. Jusan-ның несие портфелі бір ай ішінде 2,9%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады.
Алушылар төлемдерді 90 күнге және одан да көп мерзімге кешіктірген кредиттердің үлесі Jusan Bank портфелінде шамамен 11% -ды құрайды. Бұл сектор бойынша орташадан жоғары көрсеткіш. Алайда бұл 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 297,9 млрд теңге болған банк провизияларымен жабылады. Провизиялар NPL 90+ көлемін 2,3 еседен артық жабады. Аталған критерий бойынша Jusan Bank Қазақстан бойынша ең үздік көрсеткіштерге ие. Оның қатарында Еуразиялық банк (2,5 есе), ЦентрКредит банкі (2,6 есе) және Halyk Bank (2,7 есе) тұр. Осы орайда, орташа алғанда, сектор бойынша провизиялар көлемі NPL 90+ үлесінен екі есеге артық.

Jusan Bank көрсеткіштерін айтарлықтай сәтті және оң деп санауға болады, себебі қаржы ұйымы бұл көрсеткіштерге Цеснабанк пен АТФ Банктердің «жұтылуы» салдарынан Jusan банкке қалған проблемаларға қарамастан қол жеткізіп отыр. Тарихи бэкграундты есепке алсақ, бүгінгі банк қарқыны табысты екенін байқауға болады.
«Нашар» несиелер көрсеткішін азайтқан тағы бір банк - Bereke Bank. Алайда бұл банк төлем мерзімі 90 және одан да көп күнге кешіккен несиелер санын көп дегенде 0,01%-ға, 108 млрд теңгеге дейін азайта алды. Бұл тұста банк несие портфелін айына 0,3%-ға, 1,3 трлн теңгеге дейін азайтқан.
Төлем мерзімі өтіп кеткен несиелердің Bereke банкіндегі жалпы үлесі 8,2%-ға тең. Банк провизиялары NPL 90+ үлесінен 1,9 есеге артық. Бұл сектор бойынша жалпы көрсеткіштерден анағұрлым төмен.
Бұл жағдайда төлем мерзімі кешіккен несиелердің тым көп болуы банктің жалпы проблемаларына байланысты. Бұл проблемалардан Bereke тек акционерлер мен атауын өзгерткеннен кейін ғана құтыла алған. Батыстың санкцияларына тап болған ресейлік Сбербанктің еншілес ұйымы болуды «тоқтатқаннан» кейін ғана қазақстандық банк төлем мерзімі өтіп кеткен несиелерден де құтылуға тырысып бағуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2021336-qazaqstandagy-qai-bankter-merzimi-otken-nesieler-kolemin-azaita-aldy/