Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саны тұрақты түрде өсіп келеді": елімізде баспанасын ипотекаға алғандар саны қанша

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ипотека әлі күнге дейін көптеген қазақстандық үшін баспана сатып алудың негізгі жолдарының бірі болып табылады. Осы орайда "Крыша" порталының сарапшылары бүгінде елімізде қанша азамат ипотека төлеп отырғанын анықтап көрді.

2023 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар арасында ипотекаға сұраныс айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, елімізде ипотека арқылы тұрғын үй сатып алып жатқан қарыз алушылардың саны тұрақты түрде өсіп келеді.

Бүгінде Қазақстанда ипотекалық несиелеудің жалпы портфелі шамамен 5,9 триллион теңгені құрап отыр, ал биыл 1 мамырда ипотека алғандардың саны жарты миллионға жеткен. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда 500 мыңға жуық азаматтың ипотека төлеп отырғаны анықталған.

Айта кетейік, ипотека алғандардың басым бөлігі (290 мыңға жуық қарыз алушы) кемінде 10 жыл ипотекалық несие төлеуге мәжбүр, ал әрбір оныншы несие алушы кем дегенде 20 млн теңге төлеуге тиіс. Орта есеппен әр қазақстандықтың банкке қарызы 10,2 миллион теңгені құрап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, ипотека бойынша ең көп несие Астана (98,1 мың адам) мен Алматы (83,5 мың адам) тұрғындарына берілген. Еліміздегі ипотекалық несие алған азаматтардың 36 пайызы осы екі қалада тұрады.

Бүгінде кей қазақстандықтар пәтерлерін ипотека алған кезде оны жалға беруді жөн көреді. Бұл пәтер құнын өндіріп алу үшін жасалады. Алайда белгілі болғандай, соңғы кезде бұл әдіс еліміздің барлық өңірінде іске аса қоймайтын болып шықты.

Мәселен, облыстағы орташа жалдау құнын ескеретін болсақ, ипотеканы жауып, таза табыс көру үшін кейбір қала тұрғындарына пәтерін кем дегенде 20 жылға жуық уақыт жалға беруге тура келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2021988-elimizde-qansa-adam-ipoteka-tolep-otyr/

pixel