Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bereke Bank-тің клиенттеріне арналған жаңа сервис көлік тарихын онлайн тексеруге мүмкіндік береді

Жарияланған күні:

Автокөлік тарихы
Фото: Bereke Bank

Bereke Bank АҚ B-Bank мобильді қосымшасында көлікке қатысты деректерді тексеруге болатын жаңа сервисті іске қосты.

Сервис Ішкі істер министрлігімен бірге, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен іске қосылды. Қызмет тегін көрсетіледі. Аталған сервис іске қосылған сәттен бастап күн сайын 100-ден астам адам банк қосымшасында көлік құралдарын тексеруде.

Сервис арқылы көлікке қатысты мынадай ақпараттар алуға болады:

  • тіркелген күні және орны (соның ішінде ҚР-да алғашқы рет есепке қойылған күні);
  • көлік иесінің түрі мен саны (жеке немесе заңды тұлға);
  • автокөлік туралы мәліметтер (шығарылған жылы, маркасы, моделі, түсі және қозғалтқыш көлемі);
  • кепілге/ауыртпалыққа байланысты машинаға қойылған шектеулер туралы деректер;
  • газ жабдығының бар-жоғы.

Қайталама нарықта көлік сатып алу қырағылықты талап ететін маңызды қадам. Автокөлікті сатып алар алдында оның тарихын алдын-ала тексеру көлікке қатысты ақпарат алуға және қойылған шектеулер немесе кепіл сияқты жағымсыз тосынсыйлардан хабардар етеді.

Аталған сервистің көмегімен көліктің тарихын бірден білесіз, бұл сізге дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Қызмет Android жүйесін пайдаланушылар үшін қолжетімді. B-Bank мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет, «Сервистер» бөлімінен «Мемлекеттік сервистерді», содан кейін «Автокөлікті иелену тарихын» таңдап, көліктің тіркеу деректерін толтыру керек. Дайын! Көлікке қатысты деректер экран бетіне шығады.

Көлікті тексеру уақытыңыз бен ақшаңызды әлдеқайда үнемдейді. Қызмет 24/7 режимінде қолжетімді.

B-Bank мобильді қосымшасы арқылы қаржылық емес және мемлекеттік қызметтер сияқты әртүрлі қызметке қолжеткізе аласыз.

Bereke Bank ұсынатын жоғары сапалы қызметтің, тиімді шарттардың, сапалы қаржылық қызметтердің, өнімдер мен сервистердің кең спектрі астарында клиентке деген шынайы қамқорлық жатыр. Банк өз қызметінде клиенттердің мүдделері мен қажеттіліктеріне басымдылық береді.

Қосымша ақпаратты 5030 нөмірі арқылы байланыс орталығынан алуға болады (ҚР аумағында ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін).

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.2022 ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2023889-bereke-bank-tin-klientterine-arnalgan-zana-servis-kolik-tarixyn-onlain-tekseruge-mumkindik-beredi/