Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда автокөлік сатып алуға арналған қандай бағдарлама бар

Жарияланған күні:

автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен брифингте Өнеркәсіпті дамыту қоры аясындағы бағдарлама жабылғаннан кейін қазақстандықтар үшін жеңілдетілген автонесиенің қандай бағдарламасы қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бізде автонесиелеу бойынша 2 бағдарлама бар: бірі ҚДБ (автордың ескертпесі – Қазақстанның Даму банкі) аясында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан бағдарлама және екінші бағдарлама ӨДҚ (Өнеркәсіпті дамыту қоры) аясында ӨКЖ қаражаты шеңберінде жұмыс істейді. Дәл қазір ол қайта форматталып, аймақтарға автобустарды несиелеуге бағытталып жатыр, ал ҚДБ аясындағы бағдарлама өзгеріссіз қалады", – деді ИИДМ вице-министрі Ілияс Оспанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін ИИДМ басшысы Марат Қарабаев Ақорда кулуарында Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие туралы айтып, алынған қаржының қайда кетуі мүмкін екенін түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025605-qazaqstanda-avtokolik-satyp-aluga-arnalgan-qandai-bagdarlama-bar/