Әлемдегі ең бай қалалардың тұрғындары ақшасын қайда жұмсайды: сарапшылар анықтап көрді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жыл сайын әлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингін жасайтын швейцариялық Julius Baer банкі биыл да дәстүрге сай дүниежүзіндегі ең қымбат қалалардың тізімін жасап, олардың ауқатты тұрғындары ақшасын қайда жұмсайтынын анықтап көрген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Quartz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Julius Baer Bank индексі дәстүрлі түрде космополиттік өмір салтымен байланыстырылатын 20 түрлі көрсеткішке негізделген. Космополиттік өмірге премиум классқа жататын жылжымайтын мүлік пен люкс автокөліктерді жалға алу, бизнес-класс рейстерімен ұшу, сонымен қатар ең қымбат мейрамханаларда тамақтану кіреді.
Осы санаттардың барлығына жауап берген Сингапур биыл әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде көш бастады. Бұған дейін яғни, 2022 жылғы ең қымбат қала Шанхай болған еді. Биыл Шанхай екінші орынға сырғыған.
Өмір сүру деңгейі қымбат қалалардың бірі – Гонконг биыл керісінше төртінші орыннан үшінші орынға көтерілген.
Бангкок 15-орыннан 11-орынға көтерілсе, Тайбэй үшінші орыннан сегізінші орынға төмендеген.
Ал Цюрих пен Токио жетінші және сегізінші орындардан 14 және 15-орындарға төмендеген.
Сондай-ақ сарапшылар биыл Майамиде өмір сүру деңгейі жақсара түскенін байқаған. Өсім 22 пайызды құраған. Осының арқасында қала рейтингтегі 18-орыннан оныншыға көтеріліп отыр.
Сонымен қатар былтыр рейтингте 14-орында тұрған Дубай биыл 7-орынға, Джакарта 19-орыннан биыл 12-орынға көтерілген.
Нью-Йорк те қалыс қалмай, әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде 11-орыннан бесінші орынға көтерілген.
Julius Baer сарапшылары бұл қалаларда тұратын ауқатты адамдар сапасы жоғары алкогольді (виски мен шарап) көбірек іше бастағанын, сондай-ақ қымбаттау көліктер сатып алып, сәнді қонақүйлерде тұратынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025908-alemdegi-en-bai-qalalardyn-turgyndary-aqsasyn-qaida-zumsaidy-sarapsylar-anyqtap-kordi/