Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаңырақ", "Баспана" ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалды

Жарияланған күні:

Баспана
Баспана. Көрнекі фото: pixabay.com

Осыған дейін көпбалалы аналар, мүгедектер мен толық емес отбасыларға арналған ипотекалық бағдарламаның шарттары жеңілдемейді. Осыған дейін депутаттар аталмыш бағдарламалардың шарттарын жеңілдету тетіктерін ұсынған еді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Арна мәліметінше, осыған дейін бір топ мәжілісмен премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған.

КТК мәліметінше, көпбалалы аналар, мүгедектер мен толық емес отбасыларға арналған ипотекалық бағдарламаның шарттарын жеңілдету тетіктері ұсынылған. Себебі, мұндай бағдарламадан үмітті жандар үйдің бастапқы 10 пайыз жарнасын төлеуге қауқарсыз. Одан қалса, тұрғылықты жері бойынша тіркеуде кемі бес жыл тұруы тиіс. Сонымен қатар бұл бағдарламамен баспаналы болғысы келгендердің несие тарихы да таза болуы керек.

Арна мәліметінше, ипотекалық бағдарламаының шарттарын жеңілдету бойынша депутаттардың бастамасын Үкімет қолдамаған. Дегенмен, олар алдағы уақытта да көмекке мұқтаж отбасылар мәселесін мәжіліс мінберінде көтеретінін айтқан.

"Көпбалалы отбасына, мүмкіндігі шектеулі отбасына үй тегін берілуі керек. Ол менің ойым. мемлекет сондай көмек көрсету қажет. Қиын жағдайда тұрып жатқан адамдарымыз қаншама?Отбасымен үйсіз-күйсіз, тентіреп жүргендердің бәрі ипотека алуды армандайды", - деді Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026177-kopbalaly-analar-men-mugedekterge-tolyq-emes-otbasylarga-arnalgan-sanyraq-baspana-ipotekalyq-bagdarlamasynyn-sarttary-ozgerissiz-qaldy/