Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орын қалмаған жағдайда пойызға билет сатып алу жолы қандай

Жарияланған күні:

Читать на русском
Пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Демалыс пен мерекелер кезінде кейде пойыз билеттері таусылып қалуы мүмкін. Дегенмен "Күту парағы" қызметінің арқасында билеттер толық сатылып кеткеннің өзінде пойызға отыру үшін билет сатып алуға мүмкіндік бар. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Пойыз билет құнына байланысты ел ішінде саяхаттауға арналған тиімді әдістердің бірі болып қала береді.

Кей жағдайда әуе билеттері тиімдірек болғанның өзінде, қазақстандықтар көбіне теміржолмен қатынауды жөн көреді. Осыған байланысты демалыс кезінде әдетте пойызға отыру билеттері тапшы болып жатады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ақпараты бойынша, билеттер сатылып кетсе, "Күту парағы" қызметіне жүгінуге болады.

"Күту парағы" қызметі деген не және ол қалай жұмыс істейді

Компания мәліметіне сүйенсек, "Күту парағы" билет жоқ болған кезде жолаушыға билет сатып алу үшін кезекке тұруға мүмкіндік береді. Егер кім де кім сапардан бас тартса, пойызда босаған орынды сатып алуға болады.

"Мұны тек пойыз жөнелтілгенге дейін 7 күн бұрын жасау керек не 2 сағаттан кешіктірмей алу қажет.

Бос орындар табылып жатса, жолаушыға билетті сатып алу керегі туралы хабарлама келеді. Азамат оны жеке кабинетінен әрі SMS хабарламадан көре алады", – деп атап өтті дереккөз.

Бұл қызмет қысқы мерекелер қарсаңында аса пайдалы болуы мүмкін.

Билет алу үшін қалай кезекке тұру керек

"Күту парағына" кіру үшін қазақстандықтар bilet.railways.kz сайты арқылы өтіп, жеке кабинетінде тіркелуі керек.

Саяхат үшін пойыз билетін іздеу бөлімі. "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Саяхат үшін пойыз билетін іздеу. "Жолаушылар тасымалы" АҚ. Скриншот: bilet.railways.kz

Кейін қалаған бағыт пен саяхат күнін таңдап, "Іздеу" батырмасын басу қажет. Содан соң жаңа бөлімде қолжетімді пойыздар тізімі мен бос орындар туралы ақпарат шығады. Ашылған бөлімнің астында "Күту парағына кіру" түймесі болады.

Қызмет көрсету бөлімінде жолаушы аттанғысы келетін бағыт пен пойыз рейсі туралы ақпаратты көрсетуге тиіс. Барлық жолды тиісті ақпаратпен толтырып болғаннан кейін бөлімнің төменгі жағында орналасқан "Өтінім жіберу" (Отправить заявку) батырмасын басу керек.

Сондай-ақ "Жолаушыны қосу" батырмасын басып, "Күту парағы" қызметін алуға бірнеше адамды енгізуге болады.

Саяхат үшін пойыз билетін іздеу бөлімі. "Жолаушылар тасымалы" АҚ
"Күту парағына" тіркелу үшін ақпарат толтыру бөлімі. Скриншот: bilet.railways.kz

Кейін бос орындар пайда болған кезде жолаушыға билет сатып алу мүмкіндігі пайда болғаны туралы хабарлама келеді.

Айта кетейік, бұл қызметті билет сату кассаларында да көрсетіледі.

"2023 жылы 10 айдың ішінде bilet.railways.kz сайтындағы "Күту парағы" қызметі арқылы 157 мыңнан астам жолаушы теміржол билеттерін сатып алған. Бұл қызмет бойынша жолаушыларға жалпы 453 мыңнан астам бос орын ұсынылды", – делінген дереккөз хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048105-oryn-qalmagan-zagdaida-poiyzga-bilet-satyp-alu-zoly-qandai/