Қазақстанда 7 пайыздық ипотекаға 1 триллион теңге берілді
Жарияланған күні:
"7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға қарыз берілді. KAZ.NUR.KZ 7 пайыздық ипотеканы қанша адам алғанын анықтады.
Қазақстанда түрлі ипотекалық бағдарлама бар. Олардың кейбіреулері, мысалы, "Наурыз" және "Отау" 2024 жылдың көктемінде ғана іске қосылды. Дегенмен бұған қарамастан елімізде бұрынғы "7-20-25"жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істеп тұр.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға 73 811 қарыз берілді.
Ең көп ақша Астанада игерілді – 423,3 млрд теңгеге 26 759 несие. Одан кейін Алматы – 234,6 млрд теңгеге 15 017 несие. Шымкентте 68,1 млрд теңгеге 5 455 несие беріліп, қалған сома Қазақстанның басқа аймақтарына бөлінді.
"7-20-25" бағдарламасы келесі шарттарда жұмыс істейді:
- қарыз алушының жеке баспанасы болмауы керек;
- бастапқы тұрғын үйді ғана сатып алуға болады;
- сыйақы мөлшерлемесі – 7%;
- бастапқы жарна – 20%;
- несие мерзімі – 25 жылға дейін;
- тек Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады.
Еске сала кетейік, бағдарламаны ұзарту туралы шешім 2022 жылдың соңында, бастапқы 1 триллион теңгелік шек "таусылғанға" дейін қабылданған еді. Оны жүзеге асыруға жылына қосымша 100 миллиард теңгеден бөліне бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2096066-qazaqstanda-7-paiyzdyq-ipotekaga-1-trillion-tengge-berildi/