Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша жинауға көмектесетін тиімді әдістер: 100 күнде қанша ақша жинауға болады

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: freepik.com

Арманға ақша жинау, мысалы, көлік сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе шетелге демалысқа шығуға керемет ақша табудың қажеті жоқ. Ақша жинаудың тиімді әдістерін Fingramota.kz ұсынады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Арманды шындыққа айналдыру үшін нақты қаржылық мақсат қалыптастыру керек. Мысалы, "тамызда демалуға қажетті 500 мың теңге жинау" деген сияқты өзіңізге мақсат қойып, әрі қарай осы бағытта жұмыс істеу керек. Бұдан әрі ай сайын қанша ақша жинау керектігін, отбасылық бюджетті талдау қажет. Мысалы, күнделікті таңертеңгі кофеңіздің құны 1 000 теңге, алайда сіз үйден кофе дайындауды шештіңіз делік, бұл 1 000 теңгені жинақ қобдишасына салуыңыз керек. Арифметикалық және геометриялық прогрессия қағидаттары бойынша жинақтау әдістерін қарастырайық.

Арифметикалық прогрессия қағидаты

Қаржы саласында арифметикалық прогрессия өте жақсы жұмыс істейді, яғни біртіндеп қоса отырып, елеулі соманы жинауға болады. Бұл – алгебра мен математикалық талдаудың негізгі ұғымдарының бірі. Кішкентай сандар көбеюге бейім, бұл тек уақытқа байланысты. Кез келген адам қауіпсіздік жастықшасын жасап, төтенше жағдайларға аздап ақша жинақтай алады.

45 күнде жинау. Әдіс арифметикалық прогрессияға негізделген: сіз 1000 теңгеден бастайсыз және күн сайын алдыңғыға қарағанда 100 теңгеге артық жинайсыз. Бірінші жарна – 1 000 теңге, екіншісі – 1 100, содан кейін 1 200 және т.б. Соңғы, қырық бесінші күні жинақ қобдишасына 5 400 теңге салыңыз. Негізгі ереже – күндерді өткізіп алмау. Сонда бар болғаны 45 күнде сіз 144 000 теңге жинайсыз. Осы қағида бойынша 1000 мың теңгенің орнына үлкен сомадан бастауға болады, бәрі сіздің бюджетіңізге байланысты.

365 күнге арналған жинақтау кобдишасы. Бұл жинақтаудың дәл сондай нұсқасы, бірақ бір жылға ұзартылды. Сіз сондай-ақ 1 000 теңгеден бастайсыз және аптасына бір рет 1000 теңгеге көбірек үнемдейсіз (1 000, 2 000, 3 000...). Соңғы, ең жоғары жарна – 52 000 теңге. Егер жіберіп алмасаңыз, жылына 1 378 000 теңге жиналады. Ең бастысы, жыл соңында кестедегі барлық күндер сызылуы керек.

Заманауи қобдишалар. 100 күнге арналған дайын жинақ қобдишаларын сатып алуға болады. Кестенің арқасында жүйелі түрде ақша жинап, күн сайын ұяшықтарды бояп отырасыз және капиталыңыздың өсуін бақылайсыз. Бұл әдіс әсіресе балаларға қызықты болады. Күн сайын капиталдың қалай өсетініне қарап, бала сандардың арифметикалық прогрессиясын сезінеді, шыдамдылыққа үйренеді және қаржылық тұрғыдан сауатты болады.

Геометриялық прогрессия қағидаты 

Ең алдымен геометриялық прогрессияның негізгі мағынасын еске түсірейік – бұл ең алдымен сандар тізбегі, онда осы тізбектің әр элементі екіншісінен бастап бірдей көбейткішке көбейтілген алдыңғы санға тең болады. Егер арифметикалық прогрессияда соманы қоссаңыз, геометриялық прогрессияда көбейтуіңіз керек.

Мысалы, алты апталық жинақтардың мысалын алайық. Сома екі еселенгендіктен, осы қағидат бойынша аптасына бір рет жинақ жасауға кеңес береміз. Сіз 1 000 теңгеден бастайсыз және әр апта сайын алдыңғыға қарағанда екі есе көп сомаға үнемдейсіз. Бірінші жарна – 1 000 теңге, екіншісі – 2 000, содан кейін 4 000 және т.б. Соңғы, алтыншы аптада қобдишаға 32 000 теңге саласыз. Негізгі ереже – күндерді өткізіп алмау. Сонда 6 апта ішінде сіз 63 000 теңге жинайсыз. Бастау үшін Сіз кез келген соманы таңдай аласыз, бірақ аптасына бір рет қатаң түрде салып отыруыңыз керек.

Тиын теңге үнемдейді

Бастапқы кезеңде әдеттегі шығыстардан өзіңізді шектеу қиын болуы мүмкін. Алайда қаржылық мақсаттар айтарлықтай шыдамдылық пен зейінді қажет етеді, сондықтан сізде шыдамдылық болуы керек. Арифметикалық және геометриялық прогрессия қағидаттары бойынша біздің практикалық кеңестеріміз бұған тікелей дәлел. Шектеу арқылы үнемдеуден басқа, қосымша ақша таба аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2103938-aqsha-zhinauga-komektesetin-tiimdi-adister-zhinaqtau-tehnologiiasynyng-paidasy/