Қазақстанда жемқорлық фактісі туралы хабарлағандар қанша ақша алады
Жарияланған күні:
Пара алушылармен тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғана күреспейді. Қазақстандықтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін төленуі мүмкін. Пара туралы хабарлап, ақшаны қалай алуға болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
Қазақстан бірнеше рет әлемдегі ең жемқор ел ретінде танылды. Бұл сыбайлас жемқорлықтың ел үшін де, қоғам үшін де өте күрделі мәселе екенін көрсетеді.
Бір қуанарлығы, парақорлармен тек ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғана емес, мәселеге бейжай қарамайтын азаматтар да күресе алады. Соңғыларының тіпті жемқор шенеуніктерді ұстағаны үшін сыйақы алуға құқығы бар.
HODL Telegram-арнасының авторлары парақорлыққа тап болған қазақстандықтардың Антикорға хабарласу керектігін еске салды. Мұны келесі жолдармен жасауға болады:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің байланыс орталығына 1424 тегін нөміріне қоңырау шалу
- агенттіктің пошталық мекенжайына (010000, Астана қ., Қабанбай батыр, 19, "Б" блогы) жазбаша сұрау салу;
- тұрғылықты жер бойынша агенттіктің департаментіне хабарласу;
- электронды үкімет порталы арқылы электрондық e-Otinish қызметінде үндеу жолдау.
Бұл ретте мемлекет арызданушының құпиялылығы мен қорғалуына кепілдік береді, егер хабарламаны тексеру кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс фактісі расталса, пара алушыға заңға сәйкес шаралар қолданылады.
Әлеуметтік жауапты азамат марапатсыз қалмайды. Төлемақы сомасы 30-дан 4000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 2024 жылы 110 760 теңгеден 14 768 000 теңгеге дейінгі аралықта болады.
Сыйақы мыналар үшін беріледі:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеуде жүрген адамның тұрған жері туралы мәлімет бергені үшін;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызды болған басқа да көмек үшін.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды марапаттау қағидаларына сәйкес төлем мөлшері қылмыстың ауырлығына және құқық бұзушы келтірген параның немесе залалдың мөлшеріне байланысты:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (110 760 теңге);
- ұсақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (147 680 теңге);
- орташа ауырлықтағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (184 600 теңге);
- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (258 440 теңге);
- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (369 200 теңге);
- 1 000 АЕК-тен астам мөлшерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін – сомадан 10 пайыз, бірақ 4 000 АЕК-тен (14 768 000 теңге) аспайды.
Сыйаы алу үшін төмендегілерді орындау қажет:
- көмек көрсетілген органға жүгіну;
- өтініш жазу;
- жеке куәліктің көшірмесін және банк деректемелерін тіркеу.
Еске салайық, соңғы бір жылда еліміздің түрлі ведомстволарында жүздеген сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2104377-qazaqstanda-zhemqorlyq-faktisi-turaly-habarlagandar-qansha-aqsha-alady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.