Top.Mail.Ru

Зектілері

Елімізде микроқаржылық ұйымдардың несие проценті төмендейді

Жарияланған күні:

Үстелде жатқан ақша, калькулятор мен телефон
Ақша мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде микроқаржылық ұйымдардың несие проценті төмендейді. Мұндай жаңашылдық жаңа заңда көрсетілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов заңдағы басты өзгерістердің бірі – микроқаржылық ұйымдардың несие процентіне қатысты екенін айтты.

"Заң жобасынбағы басты өзгерістердің бірі - Қазақстан территориясында берілетін несиелер оны банк, микроқаржылық ұйым немесе онлайн несиелеудің қайсысы берсе де, жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептелетін болады. Бұған онлайн несие беретін ұйымдардың ерекше статусы болған еді.

50 АЕК-ге дейін қарыз беретін онлайн несие ұйымдары номиналды пайыздық мөлшерлеме қоюына болатын еді. Номиналды мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептегеннен қарағанда жоғары процент қосылатын еді. Енді біз онлайн несиелендіруден осы статусын жойдық",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2105745-mikroqarzhylyq-uiymdardyng-nesie-protsenti-tomendeidi/