Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Changan ұсынады: үлкен машиналарға үлкен премьера

Жарияланған күні:

Changan
Фото: Changan Auto

"Астана Моторс" құрамындағы Changan ресми дистрибьюторы қазақстандықтарға брендтің күзгі жаңа өнімдерін ұсынады. Енді дилерлік орталықтардың ассортиментіне екі жаңа толық жетекті автокөлік – CS95 жол талғамайтын көлігі мен Hunter Plus пикапы қосылды. Ұзындығы бес метрлік жол талғамайтын көліктер Changan Auto үшін дәстүрге айналған жайлылық пен технологияға екпін жасалатын өз сыныбындағы ең үздік сипаттамаларды ұсынады.

Жеті орындық CS95 жол талғамайтын көлігі – қуаты 226 аттың күшін және 380 Н м айналдыру сәтін құрайтын 2 литрлік турбиналы қозғалтқышпен, сондай-ақ 8 сатылы автоматты БАҚ-пен жабдықталған. Алдыңғы осінде – McPherson типті тәуелсіз аспа, артқы осінде – тәуелсіз көп иінтіректі аспа, бұл күрделілігі орташа жолсыз жерде жүріс және басқару жайлылығын сақтауға ықпал етеді.

Автокөлікте жол белгілерін тану жүйесі, көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі, жолақта ұстап отыру жүйесі, автоматты түрде шұғыл тежеу жүйесі, бейімделетін интеллектуалды круиз-бақылау, айнала шолу камералар жүйесі және кіріктірілген бейнежазғыш секілді жүргізушінің заманауи көмекші жүйелері орнатылған.

Changan
Фото: Changan Auto

Қысқы пакет алдыңғы әйнектің, руль дөңгелегінің электр жылытқышын, алдыңғы орындықтар мен екінші қатар орындықтарының жылытқышын, үш аймақтық климат-бақылауды қамтиды. Атмосфералық көңіл-күй мен жайлылық үшін – электржетекті панорамалы төбе, электржетекті және баптаулар жады бар жүргізуші орындығы, сондай-ақ жүксалғыш есігінің электржетегі. Қалауыңыз бойынша шанақ элементтері мен дөңгелек дискілері қара түсте ұсынылатын TECH-BLACK дизайн-пакетін сатып алуыңызға болады.

CS95-ке ресми дистрибьютор 5 жыл (немесе 150 мың километр) кепілдік береді, бағасы дилер орталықтарында 19 190 000 теңгеден бастап.

Changan
Фото: Changan Auto

Hunter Plus – шытырман оқиғалар іздеп шыққан аңшы! Бұл классикалық пикап емес, стильді, технологиялық, сенімді әрі төзімді жол талғамайтын көлік: толық жетекті рамалы автокөліктің арсеналында жайлы және қауіпсіз қозғалысқа арналған жолсыз жермен және омбы қармен жүргізу режимдері, артқы белдік дифференциалын мәжбүрлеп бұғаттау тетігі және серіппелі (пикаптарда әдетте қолданылатын рессоралы аспаның орнына) артқы аспасы бар.

Changan Hunter Plus қуаты 226 аттың күшін және 390 Н м айналдыру сәтін құрайтын 2 литрлік турбиналы қозғалтқышпен бірге 8 сатылы автоматпен жабдықталған.

Жүк тиейтін платформасы бүкіл шанақ ұзындығының үштен бірінен сәл асады (габариттері 1600 x 1595 x 500 мм), платформаның максималды жүктемесі – бортқа 575.

Пикап климат-контрольмен және алдыңғы қатар орындықтарының жылытқышымен жабдықталған. Жүргізушіге көмек ретінде автокөлікке бейімделетін круиз-бақылау, айнала шолу камераларының жүйесі және артқы парктрониктер орнатылған.

Changan
Фото: Changan Auto

Интерьерінде дизайны бойынша да, жабдықталуы бойынша да – Changan деңгейі: стильді салон, эко-былғарымен әрленген орындықтар, алдыңғы орындықтардың электрлі реттегіші, смартфонға арналған сымсыз қуаттағыш, 10,3” түрлі-түсті сенсорлы дисплейі және 6 динамигі бар мультимедиа жүйесі.

Hunter Plus-ке де ресми дистрибьютор 5 жыл (немесе 150 мың километр) кепілдік береді, бағасы дилер орталықтарында 15 290 000 теңгеден бастап.

CS95 және Hunter Plus автокөліктерін "Бейілді trade-in" (Changan автокөлігін Changan автокөлігіне айырбастау) науқаны бойынша сатып алу мүмкіндігі бар. Толық ақпарат changan-auto.kz сайтында.

*Серіктестік материал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2160000-changan-usynady-ulken-mashinalarga-ulken-premera/