Қазақстанда табыс туралы декларацияны тапсыру мерзімі кейінге шегерілді
Жарияланған күні:
Қазақстанда жалпы декларация аясында салық есептілігін тапсыру мерзімі биыл демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 15 қыркүйектен 16 қыркүйекке шегерілді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Жақында Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында салық есептілігін қабылдау аяқталады. Құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 15 қыркүйек.
Алайда Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсырудың соңғы мерзімі демалыс күніне келіп тұр, сондықтан ол 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады.
"Егер салық есептілігін тапсырудың соңғы күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Осылайша қазақстандықтарда салық декларациясын толтырып, тапсыруға қосымша тағы бір күн бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2160066-qazaqstanda-tabys-turaly-deklaratsiiany-tapsyru-merzimi-keiinge-shegerildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.