Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір грамм алтын құны 40 мың теңгеден асты

Жарияланған күні:

Алтын құймалар
Алтын құймалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда бір грамм алтынның құны 40 мың теңгеден асты. Былтыр бағалы металды сатып алған азаматтардың қазір жылдық табысы 40 пайызға жуықтаған. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынын оқыңыз.

Қазақстандағы алтын бағасы шарықтап, 23 қыркүйекте тағы бір рекорд жаңартты. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, бір грамм бағалы металдың құны 40 144,06 теңгеге жетті.

Бағаның бұлай көтерілуіне әлемдегі саяси және экономикалық оқиғалар әсер еткен.

Алтынды миллионер инвесторлар ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтары тікелей екінші деңгейлі банктерден немесе кейбір ақша айырбастау пункттерінен сатып ала алады. Салмағы 5-тен 100 грамға дейінгі 999,9 таза алтын құймаларын сатып алуға болады.

Айта кетейік, бір жыл бұрын алтын сатып алған қазақстандықтарда қазір әрбір грамм алтын үшін қосымша 10 712,41 теңге түседі, өйткені былтыр 22 қыркүйекте бір грамм алтын бар болғаны 29 432,77 теңге болған.

Алтынның табыстылығы жылына 36,4 пайызға жетіп отыр. Салыстыру үшін: қазақстандық банктердегі тартылған депозиттер бойынша орташа нарықтық сыйақы мөлшерлемесі 13,5 пайызға тең.

Дегенмен қымбат металдарға инвестиция салмастан бұрын қазақстандықтар оның тиімді және тиімсіз тұстарын саралап алуы керек, өйткені алтын ұзақ мерзімді инвестициялық құралға жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2164764-qazaqstanda-bir-gramm-altyn-quny-40-myng-tenggeden-asty/