"Микрокредит KZ" лицензиясынан айырылып, қайта тіркелуге бір ай уақыт берілді
Жарияланған күні:
"Микрокредит KZ" ЖШС микроқаржы ұйымы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
аржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРҚҚА) "МҚҰ "Микрокредит KZ" микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылғанын хабарлады.
"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті", - делінген агенттік хабарламасында.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2164957-mikrokredit-kz-litsenziiasynan-aiyrylyp-qaita-tirkeluge-bir-ai-uaqyt-berildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.