Лондонда Қазақстанның МБҚ нарығына инвестиция салу мүмкіндіктері таныстырылды
Жарияланған күні:
Қазақстан Ұлттық банкі мен KASE халықаралық инвесторларға елдің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестиция салу мүмкіндіктерін таныстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Лондонда Citibank-тің қолдауымен өткен Kazakhstan Local Debt Market таныстырылымына 50-ден астам компания қатысты. Әлеуетті инвесторлар мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестиция салу мүмкіндіктерімен танысты.
"Бұл іс-шара – Қазақстанның МБҚ нарығының мүмкіндіктерін жаһандық инвестиция қауымдастығына таныстыру және халықаралық аренада отандық қаржы құралдарына деген қызығушылықты арттыру үшін жасалып жатқан ауқымды жұмыстың бір тармағы", - деп айтылған реттеуші хабарламасында.
Жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов және ҚҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов баяндама жасады.
Жалпы жиынға қатысқандар негізгі макроэкономикалық үрдістер мен Қазақстан қаржы нарығының қазіргі жай-күйін, сондай-ақ халықаралық инвесторлардың Қазақстанның борыш нарығына әрі қарай қатысу перспективаларын талқылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2166219-londonda-qazaqstannyng-mbq-narygyna-investitsiia-salu-mumkindikteri-tanystyryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.