Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Проактивті форматтағы әлеуметтік қамсыздандыру: қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде қалай алады

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың арқасында мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар азаматтар үшін барынша қолжетімді бола түсті. Проактивті формат дегеніміз не және үйден шықпай-ақ әлеуметтік көмекті қалай алуға болатынын NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызмет көрсетудің жаңа форматтарын, соның ішінде әлеуметтік көмекті проактивті тағайындауды белсенді түрде енгізуде. Бұл төлемдер мен жәрдемақыларды алу процесін жеңілдетеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Проактивті формат: ол қалай жұмыс жасайды

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақыларды ұсынудың проактивті форматы енгізілді. Бұл дегеніміз мемлекеттің бастамасымен баланың туылуына байланысты берiлетiн жәрдемақылар, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, жұмыссыздық пен мүгедектік бойынша жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және т.б. мемлекеттік қызметтер автоматты түрде іске асырылатынын білдіреді. Азаматтардың осы төлемдерді алуға құқығы болса, оған жеке өтініш берудің қажеті жоқ – мемлекет қызметтерді өзі ұсынады.

Процесс мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдерді тағайындауды талап ететін оқиғалар (мысалы, бала туылғанда немесе азаматтар жұмыссыз ретінде есепке тіркелгенде) туралы ақпараттың пайда болу сәтінен басталады. Содан кейін азаматтың телефонына 1414 нөмірінен хабарлама түседі, жауап ретінде ол оң жауап беруі керек. Жүйе деректердің сәйкестігін автоматты түрде тексереді, содан кейін жәрдемақы тағайындау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданады.

Бұл формат азаматтардың уақытын үнемдеп, оларды әртүрлі органдарға хабарласу қажеттілігінен арылтып қана қоймайды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қауіпін айтарлықтай төмендетеді.

Әлеуметтік төлемді қалай алуға болады?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі – қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Бүгінде қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек проактивті форматта ғана емес, "электрондық үкімет" порталы, "eGov mobile" мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қызметтері арқылы да ала алады.

"eGov" порталы арқылы әлеуметтік төлемдерге өтініш беру процесі қарапайым және ыңғайлы. "Электрондық үкімет" порталы арқылы белгілі бір қызметті алу үшін жүйеге тіркелу қажет және қажетті әлеуметтік төлемді немесе жеңілдікті таңдау керек, содан кейін "Қызметке онлайн тапсырыс беру" қойындысына өту керек. Әрі қарай өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе SMS-код арқылы қол қою керек (ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы керек). Одан кейін жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) төлем жүргізгеннен кейін көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, өтінімді өңдеу туралы хабарламасымен танысу қажет.

Одан басқа, "Отбасының цифрлық картасы" (ОЦК) жүйесінің арқасында мемлекеттік қызметтерді алу құқығын пайдаланбаған азаматтар анықталады. Мұндай жағдайларда 1414 байланыс орталығы SMS-хабарламалар арқылы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау процесін бастайды, бұл сонымен қатар мемлекетпен өзара әрекеттесуді мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы етеді.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру әлеуметтік қолдауды қолжетімді және ашық етеді, ал әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алудың проактивті форматы миллиондаған азаматтарға дер кезінде көмек алуға мүмкіндік береді. Жыл сайын төлемдерді алушылардың саны артып, қазақстандықтардың өмірін әртүрлі кезеңдерде қажетті қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қорғау жүйесі барған сайын тиімді болуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2166868-proaktivti-formattagy-aleumettik-qamsyzdandyru-qazaqstandyqtar-memlekettik-zhardemaqylar-men-aleumettik-tolemderdi-avtomatty-turde-qalai-alady/