Алматы облысының жастары үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Жарияланған күні:
Алматы облысы жастары үшін "Алатау жастары" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бағдарлама шарттары:
- несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
- бастапқы жарна – 10%;
- қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
- несиелендіру мерзімі – 19 жыл.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
- өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған;
- ҚР азаматтығы бар;
- бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек;
- ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған);
- бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Өтініштер қазанның 1-15 аралығында қабылданады.
Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейін.
Құжаттарды Қонаев қаласы 1-шағын аудан №41, Бәйтерек БО, 1-қабат, акт залында тапсыруға болады.
Толық ақпарат алу үшін Whatsapp нөмір: +77066282806
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2167824-almaty-oblysynyng-zhastary-ushin-zhengildetilgen-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosylady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.