Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алтын доллардан 50 есе тиімді болып шықты

Жарияланған күні:

Алтын және ақша
Алтын және ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

7 қазандағы дерек бойынша Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 41 168,70 теңгеге тең. Жылдық құны 47,14 пайызға тең. Бұл 0,92 пайызға ғана өскен доллар құнынан 50 есе көп. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстанда алтынның құны бір жылда 47,14 пайызға өсіп, бір граммы 41 168,70 теңгеге жетті, бұл доллардың 0,92 пайыздық өсімінен 50 есе жоғары.
  • Алтын инвестициясы шетел валюталарынан әлдеқайда тиімді болды: еуро 5,93%, рубль 5,85% өссе, тек кейбір криптовалюталар ғана (биткоин 124,8%, Ethereum 50,14%) алтыннан асып түсті.
  • Алтын теңгелік депозиттерден де тиімді болды: 5 грамм алтын құймасы бір жылда 65 947 теңгеге қымбаттаса, дәл сол сомаға ашылған депозит тек 20 893 теңге табыс әкелер еді.

2024 жылы алтын құны шарықтап, бірнеше рет рекорд жаңартты. Жақында ғана қымбат металдың бір граммының бағасы 40 мың теңгеге жетсе, 7 қазанда ҚР Ұлттық банк мәліметі бойынша, ол 41 168,70 теңгеге тең.

2023 жылғы 6 қазанда алтын бағасы 27 979,31 теңге болған. Яғни бір жыл бұрын алтын құймасын сатып алған қазақстандықтар қазір әр грамы үшін 13 189,39 теңге пайда көре алады – бір жылда металл 47,14 пайызға қымбаттаған.

Мұндай табыс шетелдік валютаға салынған инвестициялардан әлдеқайда жоғары. Мысалы 2024 жылғы 7 қазандағы доллар бағамы 481,84 теңге болған – бұл өткен жылдың 6 қазанымен салыстырғанда небәрі 0,92 пайызға жоғары. Яғни алтын доллардан 50 есе құнды болып тұр.

Еуроның құны болса, әлдеқайда жоғары: қазіргі бағам 531,33 теңгені көрсетіп тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,93 пайызға жоғары.

Ресей рубліне сатып алған қазақстандықтар да шамамен осындай табысқа ие болып отыр – қазір ресейлік валюта 5,07 теңге тұрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,85 пайызға жоғары.

Негізінен 2024 жылы тек кей криптовалюталар алтыннан құнды болып шықты. Қазір биткоин 2023 жылғы 8 қазанмен салыстырғанда 124,8 пайызға өсіпті. Бағасы – 62 869,8 доллар. Ал Ethereum бағасы 2 458,9 доллар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50,14 пайызға артық.

Сонымен қатар алтын былтыр теңгелік депозиттерден де тиімді болды. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылғы қазанда жеке тұлғалардың депозиттерінің орташа нарықтық мөлшерлемесі жылына 14 пайызға жеткен.

Яғни бір жыл бұрын салмағы 5 грамм алтын құймасы (Қазақстанда сатып алуға болатын ең аз салмақ) 139 896,55 теңгеге жуық тұрса, қазір ол шамамен 65 947 теңгеге қымбаттаған. Бір жыл бұрын дәл осы сомаға 14 пайызбен ашылған депозит, капитализацияны ескерсек, 20 893 теңге табыс әкелген болар еді. Ал валюталардың құны төменірек болды: бұл соманы долларға салғанда – 1 311,7 теңге, еуроға салғанда – 8 286,1 теңге, ал рубльге салғанда – 8 103,8 теңге табуға болар еді. Сондай-ақ банктер мен айырбастау орындарының валюта сатып алу бағамы ресми бағамнан төмен болуы мүмкін, сол үшін нақты пайда одан да аз болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2171137-qazaqstanda-altyn-dollardan-50-ese-tiimdi-bolyp-shyqty/