Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

TANK 500 BLACK премиум санатындағы жол талғамайтын көлігі Қазақстанға келіп қойды

Жарияланған күні:

TANK 500 BLACK
Фото: Астана Моторс

"Астана Моторс" құрамындағы TANK брендінің ресми дистрибьюторы TANK 500 BLACK премиум санатындағы жол талғамайтын көлігін ұсынады.

TANK 500 BLACK – бұл TANK 500 моделінің қосымша жинақтамасы ғана емес, бұл TANK 500 көлігін одан да қуатты әрі стильді, автокөліктің өктем және мықты мінез-құлқы экстерьер мен интерьерден ғана емес, сондай-ақ техникалық параметрлерден білінетіндей еткен инженерлер мен дизайнерлердің күрделі жұмысының нәтижесі.

Капоттың астында: Қос турбоүрлемі бар, 354 ат күші мен 500 Нм айналдыру моментін беретін 3 литрлік V6 бензин қозғалтқышы. 9 сатылы автоматты беріліс қорабымен бірге ол тамаша динамика мен сенімді үдеуді қамтамасыз етеді.

TANK 500 BLACK көлігінің стильді қара антихром-шанағының астында – классикалық "жол талғамайтын" жинақтама: алдыңғы осьті қосатын электрмагниттік муфтасы бар Torque-on-Demand толық жетекті интеллектуалды трансмиссиясы, төмендетілген беріліс, алдыңғы және артқы дөңгелекаралық дифференциалдардың құлпы және кесілмейтін артқы көпірі бар серіппелі аспа. Трансмиссия тиімді пайдаланылуы үшін инженерлер 11 қозғалыс "сценарийін" әзірледі.

TANK 500 BLACK
Фото: Астана Моторс

TANK 500 BLACK жинақтамасына екі отын багы кіреді: 80 литрлік негізгі және 50 литрлік қосымша, осының арқасында жалпы жүріс қоры 1000 км құрайды! Енді жиі отын құю қажеттілігінсіз ұзақ сапарларға аттануға болады.

Хромдалған элементтердің толықтай жоқ болуы TANK 500 BLACK көлігінің кейпін қатал әрі жойыт етеді. Қараңғыланған алдыңғы жарық техникасымен және дөңгелек дискілерінің эксклюзивті дизайнымен үйлескен қара шанақ нағыз жолсыз жерлерді бағындырушы бейнесін жасайды. Дәл сол қара реңктерде орындалған интерьер автокөліктің спорттық сипатын баса көрсетеді.

Салондағы жайлылықты 3 аймақтық климат-контроль жүйесі мен толық "жылы пакет", соның ішінде алдыңғы әйнектің, жуғыш форсункаларының, рульдің және барлық орындықтың электржылытқышы қамтамасыз етеді. Алдыңғы және артқы тұман фаралары саяхаттарға ерекше атмосфера береді.

Сондай-ақ ұзақ әрі өршіл сапарлар үшін TANK 500 BLACK көлігінде автокөлік шұғыл тежеген кезде және жолсыз жерде бұрылған кезде (TANK Turn) көмек көрсету жүйелері, төмен жылдамдықта қозғалу функциясы бар бейімделетін круиз-контроль және автоматты түрде тұраққа қою жүйесі орнатылған.

TANK 500 BLACK – қатал дизайнның, үздік техникалық сипаттамалардың және инновациялық шешімдердің комбинациясы.

TANK 500 BLACK
Фото: Астана Моторс

TANK 500 BLACK премьералық сатылымы жаңа флагмандық дилерлік орталықтарда ашық: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан HAVAL & TANK Al Farabi және Астанадағы Жүргенов және Нәжімеденов көшелерінің қиылысында орналасқан HAVAL & TANK Nurly Zhol.

Модельдің бағасы: 28 490 000 теңгеден басталады.

*Серіктестік материал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2172117-tank-500-black-premium-sanatyndagy-zhol-talgamaityn-koligi-qazaqstanga-kelip-qoidy/