Күзгі HAVAL жаңа автокөліктері: H5 және H9 сатылымға шықты
Жарияланған күні:
"Астана Моторс" құрамына кіретін HAVAL ресми дистрибьюторы "күзгі жаңа автокөліктерді" – көшбасшы H9 және H5 жол талғамайтын көліктерінің жаңа буынын ұсынады. Қос модель де Қытай нарығын бұрыннан баурап алған және Қазақстан нарығында да қарқынды мақсат қойып отыр.
Haval H9 – таңғаларлық 224 мм клиренске ие, өз бойына сән-салтанатты, жайлылық пен жоғары жүріп өту мүмкіндігін үйлестірген, жеті орынды рамалық жол талғамайтын көлік.
Haval H9 – бұл мәртебе туралы мәлімдеу. Жоғары сапалы материалдардан жасалған сән-салтанатты интерьер озық технологиялармен және қуатты қозғалтқышпен үйлесім табады. Haval H9 қуаты 218 ат күші болатын 2 литрлік турбо бензин қозғалтқышымен жабдықталған. 8 сатылы, гидромеханикалық, қолмен басқару мүмкіндігі бар автоматты беріліс қорабы. Бұл тандем автокөлікке жақсы жылдамдық алуға пен жанармай үнемдеуге мүмкіндік береді.
H9 салоны дизайн мен функционалдықтың жоғары стандартын белгілейді. Автокөліктің ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған және алдыңғы тақтаның пішіндері жалпы HAVAL H9 стилін тамаша қайталайды: озық электроника, ақпаратты мультимедиялық экран, батырма түймелер – ең жаңа технологиялар мен уақытпен тексерілген классикалық шешімдердің мінсіз миксі.
H9 – жүргізуші үшін де, жолаушылар үшін де атмосфера тудыратын және қауіпсіз автокөлік. Жол талғамайтын режимдерді ыңғайлы басқару, 6 қауіпсіздік жастықшасы, «мөлдір капот» функциясы бар 360° айнала шолу камера жүйесі, панорамалық төбе және электржетекті люк, 3 аймақтық (!) климат-контроль.
Әрине, HAVAL-дың ыңғайлы көмекшілер пакеті, пакетке белсенді жылдамдықты шектегіші бар бейімделетін круиз-контроль, артқа жүру және кептеліс кезінде жүру көмекшілері, көзден таса аймақтарды бақылау жүйелері мен бір жолақта ұстау көмегі кіреді.
HAVAL H5 – Сізбен бірге және сіздің орныңызға жұмыс істейтін, беріктігі жоғары болат шанағы бар сымбатты әрі сыйымды рамалы жол талғамайтын көлік.
H5 қуаты 200 а.к. болатын 2 литрлік бензин турбо қозғалтқышымен және ZF автоматты 8 сатылы беріліс қорабымен жабдықталған. Баяулатушы беріліс, алдыңғы осі берік қосылатын толық жетек жүйесі мен 200 мм болатын клиренс жолсыз жерлердің ең қиын учаскелерін еңсеруге мүмкіндік береді.
"Мықты жігіт" беделін көлемді қос радиатор торы мен құйма дөңгелек дискілері беріп тұр.
HAVAL H5 тек экстремалды хобби мен күнделікті жүк тасымалына ғана емес, сондай-ақ отбасылық сапарларға да дайын. Кең салон және көп нәрсе сиятын жүксалғыш (жүксалғыштың көлемі — 700 литр, ал орындықтар жиналған кезде — 2116 литр) жаңғыртылған H5 автокөлігін нағыз әмбебап автокөлікке айналдырып отыр. Сондай-ақ модель салмағы 2500 кг аспайтын тіркемелерді сүйрей алады. Негізгі жинақтамада артқы бампердің астында розеткасы бар тарту-тіркеу құрылғысын (фаркоп) орнатуға арналған дайындық көзделген, бұл оның функционалдығын арттырады.
Барлық "салмақты" жүру сипаттамаларына қарамастан, H5 – стильді әрі жайлы автокөлік, көңіл күй мен жайлылық үшін панорамалық төбе және электржетекті панорамалық люк, жүргізуші орындығын 6 бағытта электрлік реттеу, электржетекті жүксалғыш есігі көзделген.
Қыстық пакетке бірінші және екінші қатардағы орындықтарды жылыту, әйнек жуғыш бүріккіштері мен алдыңғы әйнекті жылыту кіреді.
Сондай-ақ H5 автокөлігінде HAVAL-дың көмекшілер пакеті, 360° айнала шолу камера жүйесі мен 6 қауіпсіздік жастықшасы орнатылған.
Модельдер мынандай баға ауқымында ұсынылады: H9 тек Premium жинақтамасында – құны 22 690 000 теңге, H5 Elite жинақтамасында – 15 990 000 теңге және Premium жинақтамасында – 16 990 000 теңге.
Haval компаниясының күзгі аңызға айналған автокөліктерін алғашқылардың бірі болып: Алматы қаласында әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан HAVAL & TANK Al Farabi және Астана қаласында Жүргенов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысында орналасқан HAVAL & TANK Nurly Zhol жаңа көшбасшы дилерлік орталықтардың қонақтары көре алады.
*Серіктестік материал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2174374-kuzgi-haval-zhanga-avtokolikteri-h5-zhane-h9-satylymga-shyqty/