Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Б жоспары бар ма": министр Қазақстанды дағдарыстан құтқару туралы сұраққа жауап берді

Жарияланған күні:

Үкімет үйі
Үкімет үйі. Фото: primeminister.kz

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек мұнай бағасы қатты құлдырайтын болса, дағдарыс кезінде елді аман алып қалу үшін үкіметтің "Б жоспары" бар ма, деген сұрақ қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Депутаттың сұрағына экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап беріп, мұнай бағасы шынымен де құбылмалы екенін, бірақ ол бойынша "әрқашан болжам барын" айтты.

"Егер осы жылды алатын болсақ, онда орташа есеппен 81 доллар бағасына жеттік. Біз 80 долларды болжаған едік. Осы дәлізде жүрміз. 75 долларға келетін болсақ, біз кеше ғана болжамдардың консенсусын жаңартып, әлемдік қаржы институттарының қалай бағалайтынын көрдік (жағдай – ред. ескертпесі). Кеше консенсус болжамы 74,4 доллар болды. Әр жолы солай. Олар ай сайын ауысады.

Сондықтан біз келесі жылға 75 долларға жеткіземіз. Мысал келтірейін: Дүниежүзілік банк (мұнайдың құны – ред. ескертпесі) келесі жылға 89 долларға, ХВҚ институты 72 долларға бағалап отыр. Болжамдар әртүрлі, сондықтан біз орташа бағаны ұстанамыз.

"В жоспары" бар, "С жоспары" бар. Пессимистік 60 доллар болады деген де болжам да бар. Онда бюджеттік параметрлер және қайда бара жатқанымызды көрсететін барлық есептеулер ойластырылған", - деп жауап берді Байбазаров.

ҰЭМ басшысы Қазақстан мұнай бағасы 40 долларға дейін төмендеген кезеңдерді бастан өткергенін айтты.

"Мұндай жағдайларда Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын қабылдауда. Біз шығындарға басымдық бере бастаймыз, оларды азайтамыз және т.б. Ең бастысы – экономиканы қолдау. Бұл жағдайда мемлекеттің резервтері бар екені түсінікті", - деп қосты министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2180654-b-zhospary-bar-ma-ministr-qazaqstandy-dagdarystan-qutqaru-turaly-suraqqa-zhauap-berdi/