Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған жаңа бюджетінде доллар қандай бағаммен алынған

Жарияланған күні:

Доллар мен теңге банкноттары
Доллар мен теңге купюралары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Республикалық бюджет жобасында доллар бағамының болжамдық құны бұрын көзделген 460 теңгеден өсті. Мұнай да барреліне 75 доллар болады деп болжанып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсында жарияланған мәлімет бойынща, депутаттар үкімет енгізген мына заң жобаларын қарап, қабылдады:

  • "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы";
  • "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы";
  • "Елдің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы".

Олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары, бюджет параметрлері, сондай-ақ президент тапсырмалары негізінде әзірленді. Бұл ретте заң жобаларында АҚШ долларының болжамды құны, мұнай баррелі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын қаражат көлемі сияқты мәселелер қарастырылған.

АҚШ доллары қымбаттап, мұнай бағасы төмендейді деп болжанып отыр

Бұған дейін "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда доллар бағамы бір долларға 460 теңге болады деген болжаммен алынған.

Дегенмен жаңа заң жобасында 2029 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастырудың негізі мынадай базалық сценариймен алынған:

  • Мұнай бағасы барреліне 75 доллар – бұрын барреліне 80 доллар деңгейінде сақталады деп күтілген;
  • доллар бағамы – 470 теңге.

"2025 жылы ЖІӨ нақты өсімі 5,6 пайыз, 5 жылдағы орташа жылдық өсім 5,4 пайыз болады деп болжанып отыр.

Бұл ретте Қазақстан экономикасының барлық саласында оң динамика болжануда: өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 4,1 пайыз, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 5,8 пайыз, тау-кен өнеркәсібінде 2,9 пайыз болады.

Ауыл шаруашылығында орташа жылдық өсім 5,3 пайыз, құрылыста - 9,3 пайыз, көлік қызметінде 8,2 пайыз, саудада 7,1 пайыз", - делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2181554-qazaqstannyng-2025-2027-zhyldarga-arnalgan-zhanga-biudzhetinde-dollar-qandai-bagammen-alyngan/