Қазақстанда банкаралық QR төлемдердің пилоттық жобасы іске қосылды
Жарияланған күні:
Ұлттық Банк қазақстандықтарға тауарлар мен қызметтерге жылдам әрі ыңғайлы ақы төлеуге мүмкіндік беретін банкаралық QR-төлемдерді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қазақстанның банк жүйесіне "бірыңғай QR" енгізу жоспары көптен бері қолға алынған, енді жоба ресми түрде іске қосылды.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен Ұлттық төлем корпорациясы Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында банкаралық QR төлемдерін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты және екі екінші деңгейлі банктің қатысуымен алғашқы нақты транзакцияны көрсетті.
Жаңа банкаралық QR төлем қызметі азаматтарға қай банктің клиенті екеніне қарамастан, бір QR кодын сканерлеу арқылы ыңғайлы және жылдам төлем жасауға мүмкіндік береді.
Ұлттық банктің айтуынша, жоба бизнес үшін де тиімді, бұл әр түрлі банктердің бірнеше терминалын орнатуға кететін шығынды азайтады. Өз кезегінде, банктер жаңа жүйеге қатысу аясында банкаралық операцияларды өңдеу құнын төмендету және клиенттерге төлем қызметтерін кеңейту есебінен шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта банкаралық QR төлем жүйесінің функционалдығы қамтамасыз етілді және қатысушы банктерді кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде. Жобаны кеңейту 2025 жылға жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2187917-qazaqstanda-bankaralyq-qr-tolemderding-pilottyq-zhobasy-iske-qosyldy/