Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар бағамы тағы да 500 теңгеден асты

Жарияланған күні:

Теңге және доллар
Теңге және доллар. Фотто: KAZ.NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жұма, 22 қарашада Қазақстанның валюта айырбастау пункттерінде бір доллардың орташа бағасы 500 теңге болды. Мұндай деректер Kurs.kz порталында берілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Порталдың 22 қараша күні сағат 14:00-дегі мәліметі бойынша, елордадағы айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 496 теңгеден сатып, 501 теңгеге сатып алуға болады.

Алматыда долларды орташа есеппен 500,19 теңгеден сатып алып, 498 теңгеден сатуға болады.

Сонымен қатар, NUR.KZ айырбастау бағамы бетіндегі мәліметтерге сәйкес, 22 қараша күні таңертең қазақстандық екінші деңгейлі банктердегі долларды сатып алу-сату келесі бағам бойынша жүзеге асырылады:

  • Астанада: сатып алу - 492,80 теңге, сату - 498,30 теңге;
  • Алматыда: сатып алу - 496,90 теңге, сату - 498,30 теңге.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде доллардың аздап арзандағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2191221-qazaqstandyq-aiyrbas-oryndarynda-dollar-bagamy-tagy-da-500-tenggeden-asty/