"Евразия" сақтандыру компаниясы: егер көлігіңізге белгісіз біреу зақым келтірсе, не істеу керек
Жарияланған күні:
Қазақстандағы көптеген автокөлік иелерінің автокөліктерді күзетілетін автотұрақтарда немесе көлікжайларға қою мүмкіндігі жоқ. Тұрғын үйлердің аулаларында немесе көше бойында қалған көліктер қаскүнемдердің әрекетінен зардап шегіп қана қоймай, сонымен бірге кездейсоқ зақымдалуы және тіпті ЖКО-ға ұшырауы мүмкін. "Евразия" СК-да анықталмаған адам автокөлікке зақым келтірген жағдайда істелуге тиіс іс-қимылдар алгоритмі туралы айтылды.
Көлігіңізден зақым анықталған жағдайда не істеу керек?
- Ең алдымен болған жайтты құжат түрінде бекіту үшін полицияны шақыру қажет.
- Полиция келгенге дейін жақын маңдағы адамдардан көрген-білгенін сұрау керек – бәлкім олар оқиғаның куәгерлері болған шығар. Олардың байланыс деректерін алыңыз.
- Сондай-ақ оқиға орнында мысалы, жақын жердегі дүкендерде немесе кеңселерде орнатылған бейнебақылау камераларының бар-жоғын тексеруге болады.
"Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, жағдайлардың көбінде қаскүнемдерді анықтау мүмкін болмайды. Тіпті камералар да әрдайым зақым келтірген адамды анықтауға көмектесе бермейді. Автомобиль мен оның иесінің мүліктік мүдделерін қорғаудың жалғыз нақты тәсілі каско ерікті автосақтандыру полисі болып қала береді",- деп түсіндірді "Евразия" СК баспасөз-қызметі өкілдері.
Өмірден алынған оқиға
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған Haval Dargo көлігінің иесі көліктің алдыңғы қанаты мен капотында белгісіз заттпен сызылған сызаттар тапты. Бұл ретте полиция қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастаудан бас тартты. Сондай-ақ құқық қорғаушылар бұл ауданда бейнебақылау камералары жоқ екенін хабарлады. "Еуразия" СК сақтандыру төлемі 515 мың теңге болды.
Бірақ тіпті автомобильдің жеке тұрақ орны болса да, әрбір жүргізуші мезгіл-мезгіл өз көлік құралын көше жиегінде қалдыруға мәжбүр болады. Күзетілетін автотұрақта немесе жерасты паркингінде қалған көлік құралы, егер оған басқа көлік кездейсоқ соғылса, ЖКО ұшырауы мүмкін. Жүргізушілер әрдайым этикалық әдептерді сақтай бермейді, көбісі куәгерлер көрмей тұрғанда, ЖКО орнынан кетіп қалуды жөн көреді.
Сонымен белгісіз адам Jetour автомобилінің иесіне Қарағандыда жағымсыз тосынсый жасап, көппәтерлі үйдің ауласында ЖКО жасап, кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Сақтандыру төлемі 585 мың теңге болды, автомобиль каско бағдарламасы бойынша "Евразия" СК-да сақтандырылған. Полиция қызметкерлері ЖКО кінәлі адамды анықтай алмады, оның ішінде оқиға куәгерлерінің және бейнебақылаудың болмауы да себеп болды.
Кінәлі адам анықталған күннің өзінде залал сомасын сот арқылы өндіріп алуға тура келеді – бұл ұзақ уақытты талап етеді және кейін өтемақы төленетініне ешқандай кепілдік жоқ. Каско полисімен кінәлі адам табыла ма, жоқ па тәуелсіз төлем алуға болады.
"Тіпті егер полицияны шақыру іс жүзінде ешқандай нәтиже бермесе де, мұны істеу болған оқиғаны тіркеу және кейіннен сақтандыру төлемін іске асыру үшін қажет", - деп қорытындылады сөзін "Евразия" СК өкілі.
Кездейсоқ зақымдану немесе қасақана бүлдіру – бұл автомобильдің жанында иесі болмаған кезде болуы мүмкін ең жағымсыз нәрсе емес. Жақында Алматыда Volkswagen Polo ұрланған. Полиция күдіктіні анықтап, ұрланған көлікті таба алмады. "Евразия" СК каско сақтандыру шарты бойынша шамамен 9 млн теңге төледі. Сонымен қатар сақтандыру компаниясының тәжірибесінде автокөлікті қасақана өртеу жағдайлары да аз емес.
Каско ерікті сақтандыру полисі автомобильді тек ЖКО болған жағдайда ғана емес, сонымен қатар ұрлық, вандализм, өртеу сияқты үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен де қорғайды. Сонымен қатар, каско табиғи апаттардың: қар, дауыл, боран, өрт және басқалардың салдарынан болған залалды да өтейді.
eurasia36.kz сайтында немесе "Евразия" СК кеңселерінде SmartCasco бағдарламасы бойынша полисті 50% жеңілдікпен ресімдеуге, шарттарын таңдауға және құнын есептеуге болады. 11 айға дейінгі мерзімге бөліп төлеу қолжетімді.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2193146-evraziia-saqtandyru-kompaniiasy-eger-koligingizge-belgisiz-bireu-zaqym-keltirse-ne-isteu-kerek/