Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың шоттарын жаппай бұғаттау немен байланысты: қаржы министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Ақша және банк карталары
Ақша және банк карталары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрі Мәди Тәкиев қазақстандықтардың банктік шоттарын жаппай бұғаттау себептерін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шоттарды жалпы бұғаттау. Қазір бізде үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша есепті кезең жүріп жатыр, олар декларацияны 15 қарашаға дейін тапсырып, 25 қарашаға дейін салық төлеуге тиіс. Осы күннен кейін төлем жасалмаса, әрине, шоттар бұғатталады.

Бірақ біз салық үшін шотты бұғаттамайтын кездер де болады. Көбіне шоттың жабылуы медициналық сақтандыру мен әлеуметтік төлемдердің төленбеуіне байланысты болады, - деді Мәди Тәкиев.

Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің қабылдануымен бұл мәселе реттелетін болады.

"Әлеуметтік төлемдер бойынша шекті (қарыз – ред. ескертпесі) көтеріп жатырмыз, олар қазір 0 теңгеден басталады. Біз оны 6 АЕК-ке (22 152 теңге) көтергіміз келеді, яғни бұл сомаға дейін есепшот бұғатталмайды", - деп түйіндеді қаржы министрлігінің басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2193353-qazaqstandyqtardyng-shottaryn-zhappai-bugattau-nemen-bailanysty-qarzhy-ministri-zhauap-berdi/