Несие алғысы келген азаматтардың өтініші неге қабылданбай жатқанын сарапшылар түсіндірді
Жарияланған күні:
Несие беру саласындағы ережелердің өзгеруі банктер мен басқа да қаржы ұйымдарын тәуекелге баруға мәжбүрлейді. Енді олар азаматтардың арызын мұқият тексеріп, көбіне несие беруден бас тартуға көшкен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
МАҢЫЗДЫ ҮШ МӘСЕЛЕ:
- Қазақстанда несие беру тәртібі өзгерді. Соған байланысты тұтынушыларға талап жоғарылап, несие аз берілетін болды. The HODL Telegram-арнасы сарапшыларының мәліметінше, кепілсіз несие туырлау жөніндегі өтініштердің 70 пайыздан астамы қанағаттандырылмаған.
- Жаңа заң бірқатар шектеу енгізді. Солардың ішінде тұтынушы табысы мен несие көлемі арасындағы айырмашылық, займ көлемін шектеу, үстемеақы көлемін азайту талаптарын атауға болады.
- Банктар мен шағын қаржы ұйымдары несие сұратушыларды мұқият тексеруге мәжбүр. Өйткені олар ақшаның қайтпай қалуынан қауіптенеді. Сол себепті қазақстандықтар да несие туырлауға жауапкершілікпен қарағаны жөн.
2024 жылғы маусымда несие алушылар құқықтарын қорғау мен борышкерлер санын азайтуды көздейтін заң қабылданды. Содан кейін кепілсіз тұтыну займдарын алу қиындап кетті. The HODL Telegram-арнасы сарапшыларының айтуынша, биыл үшінші тоқсанда кепілсіз несие сұратушы азаматтардың 70 пайыздан астамының өтініші қабылданбаған.
Бұған қоса, автонесие сұратушылардың 80 пайыздан астамының, кепілмен несие алғысы келгендердің 68 пайыздан астамының арызы қанағаттандырылмаған.
Бұл уақытта Қазақстанда автонеисе мен ипотека займдарын беру көрсеткіші ұлғайған, яғни осы саладағы қиындық көбіне кепілсіз займ алғысы келетіндерге қатысты болып отыр. Сол себепті қазақстандықтардың заңның жаңа ережелерін мұқият зерттеп алғаны жөн.
Заңда не өзгерді
Жаңадан қабылданған заңға сәйкес, несиелеу саласына займ алушыларға қойылатын талаптарды күшейтетін өзгерістер енгізілді. Мысалы, басқа бір несиесін 90 күннен аса уақыт қайтармаса, мұндай азаматтаың несие алу жөніндегі өтініші қабылданбауы мүмкін. Ал берешекке үстеме пайыз қосуға тыйым салынған. Бұған қоса, несие туырлаушының табысы мен қарызы арасындағы айырмашылық есепке алынады.
Мысал келтірер болсақ, қазақстандықтардың несие берешегі табысының 50 пайызынан аспауы тиіс.
Қаржы сарапшыларының хабарлауынша, банктар мен шағын қаржы мекемелерінің шешіміне әсер ететін тағы бірнеше жайт бар.
- Солардың бірі – қайтпаған несиені коллектор агенттіктеріне беруге тыйым салу (2026 жылдың 1 мамырына дейін). Мұндай жағдайда несие беруші ұйым мәселені өзі шешуі тиіс.
- Оның үстіне, 1000 АЕК (2024 жылғы көрсеткіш бойынша, 3 692 000 теңге) жоғары несие алған жағдайда күйеуі немесе әйелінің рұқсаты қажет болады.
- Займ көлеміне де шектеу қойылды. Оның ең жоғарғы шегі: банктар үшін 2 200 АЕК (8 122 400 теңге), шағын қаржы ұйымдары үшін 1 100 АЕК (4 061 200 теңге).
- Заңға сәйкес, үстемақы лимиті төмендеді. Банктар мен шағын несие ұйымдары үшін кепілсіз несиеге 46 пайызға дейін (бұрын 56 пайыз болған), бакнтер үшін кепіл қою арқылы берілетін несиеге 35 пайызға (бұрын 40 пайыз болған) дейін үстемақы лимиті белгіленген.
- Жеке кәсіпкерлер үшін несиенің ең жоғары көлемі 2 710 АЕК-ден 27 000 АЕК-ге дейін (10 миллионнан 99,6 миллион теңгеге дейін) белгіленді.
"Бұл нені білдіреді? Түк қиындығы жоқ: енді банктар, шағын несие ұйымдары және басқа да қаржы мекемелері несенің кез келген түрін аса сақтықпен бере бастайды. Сол себепті несие алғысы келетін азаматтардың өтініші көп жағдайда қабылданбай қалады", - дейді сарапшылар.
Басқаша түсіндірер болсақ, банктар мен шағын қаржы ұйымдары несие алушыларға қойылатын талаптарды күшейтеді, себебі жоғары үстемақы қоя алмайды, займдар қайтарылмаған жағдайда күйіп қалу қаупі туындайды.
Сол себепті, сарапшылардың пікірінше, қаржы ұйымдары бас тартпасын десе, қазақстандықтарға несие алу ісіне тыңғылықты дайындықпен кіріскені жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2193630-nesie-algysy-kelgen-azamattardyng-otinishi-nege-oryndalmai-zhatqanyn-sarapshylar-tusindirdi/