Қазақстанда доллар 520 теңгеге дейін қымбаттады
Жарияланған күні:
28 қараша күні таңертең Қазақстанның кейбір ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, ал ресми бағам әлі 500 теңгеге дейін жеткен жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Kurs.kz порталының 28 қараша күнгі таңғы мәліметі бойынша, қазақстандық айырбастау орындарында долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:
Алматыда: сатып алу – 500-513 теңге, сату – 513-520 теңге;
Астанада: сатып алу – 506-509 теңге, сату – 513-516 теңге.
Алайда, Ұлттық банктің сайтында көрсетілгендей, 28 қарашада таңертең доллардың ресми бағамы бірлігіне 499,55 теңгені құрайды.
NUR.KZ айырбас бағамы бетіндегі мәліметтерге сәйкес, екінші деңгейдегі қазақстандық банктерде долларды сатып алу және сату мынадай бағам бойынша жүзеге асырылады:
Астанада: сатып алу – 505-507,5 теңге, сату – 513,25-515 теңге;
Алматыда: сатып алу – 507,75-510 теңге, сату – 513,25-516 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2193659-qazaqstanda-dollar-520-tenggege-koterildi/