Алматыдағы ең табысты мамандықтар аталды
Опубликовано:
Алматыда ең көп жалақыны – қаржыгерлер, ал ең төменгі еңбекақыны – тамақтану орындары мен қонақүй қызметшілері алады екен.
Алматыдағы қызметкердің орташа айлық жалақысы сәуір айында 134 528 теңгені құрап, наурыз айында 1,3 пайызға, ал іс жүзінде – 0,8 пайызға артты.
"Қазақпарат" хабарлағандай, түрлі қызмет аясында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақыларында айтарлықтай айырмашылық бар. Ең жоғары жалақы мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде – 287 904 теңге, ең төменгі жалақы қонақүй және тамақтану орындарында – 79 166 теңгені құраған.
Ірі және орташа кәсіпорындарда орташа айлық жалақы 2012 жылдың сәуір айында 134 293 теңге болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/220184-almatydagy-en-tabysty-mamandyktar-ataldy/