Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда пәтер құнын шығару үшін оны неше жыл жалға беру керек

Жарияланған күні:

Жылжымайтын мүлік
Жылжымайтын мүлік сатып алу. Көрнекі сурет: Ngampol Thongsai/EyeEm/Getty Images

Қазақстанда жалға берілетін баспана тұрақты түрде қымбаттап келеді, алайда бұл пәтерді жалға беру арқылы бірден пайда табуға болады дегенді білдірмейді. Орта есеппен, пәтердің өзін-өзі ақтауы 9 жылдан астам уақытты қажет етеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқи аласыздар.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Биыл Қазақстанда баспана қаншалықты қымбаттады

Қазақстанда жылжымайтын мүліктің, соның ішінде жалға берілетін пәтерлердің құны үнемі өсіп келеді. Мәселен, қарашаның соңында пәтерді жалға беру құны жылына орта есеппен 7 пайызға қымбаттады.

Ал мұндай жағдайда пәтерді жалға беру тиімді бизнес болып көрінгенімен, тұрғын үй құнының өтелуі үшін ұзақ уақыт қажет.

"Крыша" порталының дерегінше, Қазақстанда пәтердің өзін-өзі ақтау мерзімі орташа есеппен 9 жыл 6 айды құрайды, яғни оны сатып алуға кеткен шығынды ғана "қайтару" үшін қаншама жыл қажет.

Есептеулер ең танымал жалға берілетін мүлік – ауданы 35 шаршы метр бір бөлмелі пәтерге негізделгенін ескерген жөн.

Сонымен қатар өтелу мерзімі пәтер жалға берілетін аймаққа байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мұның бәрі жалға алу бағасына және шаршы метрдің құнына байланысты.

Мысалы, Көкшетауда жалға берілетін пәтерлерді сатып алу бәрінен тиімді. Мұнда сіз небәрі 8 жыл ішінде баспана құнын қайтара аласыз. Одан кейінгі орында Ақтөбе – 8 жыл 7 ай, ал Қостанай үздік үштікті – 8 жыл 9 ай көрсеткішпен жапты.

Ал бәрінен артық шыдамдылықты Ақтау тұрғындары таныту керек. Мұндағы пәтер орта есеппен 11 жыл 9 айда өзін-өзі ақтайды. Сондай-ақ кері көшбасшылар алғашқы үштігіне Шымкент (11 жыл 3 ай) мен Алматы (10 жыл 7 ай) кірді. Астанада 9 жыл 3 айда құнын қайтаруға болады.

Осылайша, пәтерді жалға беру арқылы күн көремін деп отырған қазақстандықтар ұзақ уақыттан кейін ғана нақты пайда таба алатынына дайын болуы керек.

Одан бөлек үйді жалға берудің өз тәуекелдері барын есте ұстаған жөн. Пәтер ұзақ уақыт бойы ешкімге жалға берілмеуі, ал қаражаттың бір бөлігін жөндеуге жұмсауға тура келуі мүмкін – жалға алушылар тұру кезінде мүлікті зақымдауы ғажап емес.

Оған қоса Қазақстанда барлық жалға берушілер төлеуге тиіс салықтар барын ұмытпаңыз. Осының барлығы жалға беру нарығындағы табыс көлемін азайтады.

Пәтерді жалға беру көбінесе үлкен пайда табу үшін емес, қаражатты сақтап, уақыт өте келе аздаған тұрақты табыс көзіне ие болу үшін таңдалады. Сол себепті бұл әдістің ұзақмерзімді инвестиция екенін ескерген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2202290-qazaqstanda-pater-qunyn-shygaru-ushin-ony-neshe-zhyl-zhalga-beru-kerek/