Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Aliexpress, Temu және басқа да шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне қанша табыс түсірді

Жарияланған күні:

Онлайн сауда жасау
Онлайн сауда жасау. Көрнекі сурет: freepik.com

Бүгінгі таңда 98 шетелдік компания "Google салығын" төлеуші ​​ретінде тіркелген, соның арқасында бюджетке 70 млрд теңге түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-дағы арнасында 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында шетелдік интернет-компаниялар үшін "Google салығы" деп аталатын қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілгенін еске салды.

Бұл жаңашылдық электронды саудамен айналысатын және жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік ұйымдардың салықтық міндеттемелерін реттеуге бағытталған.

"Бүгінгі таңда 98 шетелдік ұйым тіркелген, олардын арасында Alibaba, Aliexpress, Apple Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu және басқа да ірі ойыншылар бар. Төленген салықтардың жалпы сомасы 70,0 миллиард теңгеден асты.

Шетелдік интернет-компаниялардың қызметін бақылауды күшейту мақсатында Салық кодекске қосымша өзгерістер енгізілді. Егер шетелдік компания тіркелу жөніндегі міндеттемелерін орындамаса, оның Қазақстан аумағындағы қызметін бұғаттауға шейін мүмкіндігі қарастырылған", - делінген ведомствода.

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, "Google салығын" енгізу және одан әрі дамыту ұлттық экономиканың мүддесін қорғауға және нарықтың барлық қатысушыларына әділ жағдай жасауға бағытталған. Бұл шаралар салықтық тәртіпті нығайтуға және Қазақстандағы электронды сауданың ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастыруға ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2205458-aliexpress-temu-zhane-basqa-da-sheteldik-kompaniialar-qazaqstan-biudzhetine-qansha-tabys-tusirdi/