Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кедейлік шегін анықтаудың жаңа әдістемесі бекітілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тиын санап отырған әйел
Тиын санап отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша есептелмейді. Енді оның мөлшері медианалық табыстың 35 пайызы бойынша қаралады. Елдегі кедейлік шегі қалай есептелетінін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы кедейшілік деңгейі өңірдегі жан басына шаққандағы төменгі күнкөріс деңгейі негізінде анықталады.

Яғни биыл 1 қаңтардан кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындауға жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайыз мөлшерінде берілді.

2025 жылы кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейі есепке алынбайды, орташа табыс бойынша есептеледі. 2025 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, медианалық табыстың 35 пайызы шегінде қарастырылады. 

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 35 пайызы, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерінде айқындалсын", - деп жазылған құжатта.

Айта кету керек, кедейлік шегі бастапқыда орташа табыстың 50 пайыз мөлшерінде болады деп белгіленген еді.

Сондай-ақ орташа кірісті есептеу әдістемесі бекітілді. Ол әр аймақ үшін жеке белгіленіп, азаматтардың әл-ауқатын автоматты түрде анықтайтын және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді белсенді тағайындауға жауапты жүйе – отбасының цифрлық картасындағы деректер ескеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2205833-qazaqstanda-kedeilik-shegin-anyqtaudyng-zhanga-adistemesi-bekitildi/