Top.Mail.Ru

Зектілері

Еурохаттама – қазақстандық жүргізушілердің өмірін жеңілдету құралы

Жарияланған күні:

Еурохаттама
Сурет: "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ

Бұл қарбалас өмірде жолдағы қатынас тіпті күрделене түскені анық, демек, автокөлікті сақтандырудағы инновациялық өнімдер бұрынғыдан да маңызды бола түсті. 2024 жылы Қазақстан шағын жол көлік оқиғасын рәсімдеу тәсілін өзгертетін және бұл процесті жүргізушілер үшін жылдам, ыңғайлы және тиімді ететін жаңа сервисті — Еурохаттаманы енгізу арқылы болашаққа қадам жасады. Бұл туралы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" хабарлайды.

Еурохаттама дегеніміз не?

Бұл жол полициясын шақырмай-ақ, жол көлік оқиғасын рәсімдеуге арналған жеңілдетілген процедура. Ол үшін сізге тек интернет, смартфон және бірнеше минут уақытыңыз ғана қажет. Еурохаттама мобильді қосымшасы арқылы сіз оқиғаның мән-жайын жаза аласыз, ең бастысы, айыппұлдар жайлы ақпарат пен төлемдерді ұзақ күтпейсіз.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Ыңғайлылық: Тегін мобильді қосымшаны жүктеп алып, оны жол көлік оқиғасы болған жағдайда пайдаланыңыз.

Жылдамдық: Іс-әрекеттер жылдам, бірер минутта-ақ орындалады.

Уақыт пен ақшаны үнемдеу: Сақтандыру төлемі зардап шеккен адамға бұрынғыдай бірнеше айда емес, 15 күн ішінде түседі.

Еурохаттама арқылы рәсімдеудің шарттары қандай?

  • ЖКО-ға екі көлік қатысады, екеуінің де жарамды сақтандыру полисі болуы міндет.
  • ЖКО нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілмеу тиіс, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүлкі мен жол инфрақұрылымына зақым келмеуі тиіс.
  • Екі жүргізуші оқиға мән-жайы бойынша келісімге келіп, кінәлі мен зардап шеккен тарап анықталуы тиіс.
  • Залал сомасы 100 АЕК-тен (369 200 теңге) аспайды.
  • Рәсімдеу мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Бұл неліктен маңызды?

Оңай: Тек қосымшаны жүктеп алу керек - бұл тегін.

Жылдам: Шағын жол көлік оқиғасы бірер минутта рәсімделеді.

Ашықтық: Жылдам төлемдер және қағаздың аздығы.

Қосымшаны App Store және Google Play дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Еурохаттама - бұл Қазақстанда автосақтандыруды өзгертетін прогрессивті шешім. 2024 жылы тек 10 айдың ішінде осы сервистің көмегімен 10 000-нан астам сақтандыру жағдайы тіркелді, ал төлемдер сомасы 1,5 млрд теңгеден асты! (Қызметті іске қосу және жүзеге асыру Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арқылы жүзеге асырылды).

Технологиялар сізге арналған!

Еурохаттама – бұл ЖКО процестерін, сондай-ақ қазақстандық жүргізушілердің өмірлерін жеңілдетуге арналған тамаша шешім. Қосымшаны жүктеп алып, ұзақ уақыт алатын қағаз рәсімдерді ұмытыңыз. ЖКО рәсімдеудің қарапайым, жылдам және қауіпсіз тәсілі бір қосымшада!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2206037-eurohattama-qazaqstandyq-zhurgizushilerding-omirin-zhengildetu-quraly/