2025 жылы қазақстандықтардың жалақысы өсе ме
Жарияланған күні:
2025 жылы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты жалақыдан ұсталатын салық пен міндетті төлемдер мөлшерін алып тастағандағы қазақстандықтардың "таза" еңбекақысы сәл көтерілуі мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.
Кейбір қазақстандықтардың еңбек шартында жұмыс берушілер "таза" жалақыны, яғни жеке табыс салығын (ЖТС) және жарналарды ұстағаннан кейінгі соманы бірден белгілей алады. Бұл ретте оларға міндетті төлемдер мөлшерінің өзгеруіне қарамастан келісілген жалақы төленеді.
Бірақ жалдамалы жұмысшылардың көбі "лас" жалақы алады. Сәйкесінше олардың шоттарына басқа сома – жеке табыс салығы мен міндетті жарналардан ұсталған сома түседі.
Ондай кезде салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштерде (АЕК) есептелген стандартты шегерiмдi қолдану арқылы іске асырылады. 2025 жылы АЕК 6,5 пайызға өсіп, 3932 теңге болды.
Осыған байланысты жеке табыс салығының мөлшері азайып, жалақы аздап өсуі керек. Оның қалай есептелетінін толығырақ қарастырайық.
Жалақыдан қандай жарналар ұсталады
- Қазақстанда жалақыдан бірнеше міндетті төлемдер ұсталатыны белгілі:
- Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ): жалақының 10 пайызы.
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС): жалақының 2 пайызы.
- Жеке табыс салығы (ЖТС): жалақыдан шегерімдерді алып тастағаннан кейін қалған соманың 10 пайызы.
МЖС ұсталатын ең жоғары жалақы айына 50 ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) тең. 2025 жылы ең төменгі жалақы 85 000 теңге деңгейінде сақталатындықтан, бұл сома 4,25 миллион теңгеден аспайды.
МӘМС үшін жарна ұсталатын ең жоғары жалақы 10 ең төменгі жалақыға немесе 850 000 теңгеге тең. Естеріңізге сала кетейік, бұл жарна бойынша шекті ең төменгі жалақы да 50-ге дейін артуы мүмкін.
Жалақыдан салық қалай ұсталады
Жалақыдан жоғарыда аталған міндетті төлемдерді алып тастағаннан кейін ғана ЖТС есептеледі. Оның ішінде:
- Міндетті жарналар мен шегерімдер алынады.
- Салық салынатын табыстан 14 АЕК мөлшерінде стандартты шегерім қолданылады.
- Алынған сомадан 10 пайыздық ЖТС ұсталады.
2024 жылы стандартты шегерім сомасы 51 688 теңге болса, 2025 жылы 55 048 теңгеге тең болады. Бұл айырмашылық қазақстандықтардың жалақысына қалай әсер ететінін қарастырайық.
Мысал 1: Жалақы – 300 000 теңге
2024 жылы:
- Міндетті жарналар: 30 000 теңге (МЗЖ) + 6 000 теңге (МӘМС).
- Салық салынатын табыс: 212 312 теңге (300 000 – 36 000 – 51 688).
- ЖТС: 21 231,2 теңге.
- "Таза" жалақы: 242 768,8 теңге.
2025 жылы:
- Міндетті жарналар: 30 000 теңге (МЗЖ) + 6 000 теңге (МӘМС).
- Салық салынатын табыс: 208 952 теңге (300 000 – 36 000 – 55 048).
- ЖТС: 20 895,2 теңге.
- "Таза" жалақы: 243 104,8 теңге.
2025 жылы "таза" жалақы 336 теңгеге артады.
Мысал 2: Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге
2024 жылы:
- Міндетті жарналар: 8 500 теңге (МЗЖ) + 1 700 теңге (МӘМС).
- Салық салынатын табыс: 2 311,2 теңге (85 000 – 10 200 – 51 688) × 90 пайызға төмендейді.
- ЖТС: 231,1 теңге.
- "Таза" жалақы: 74 568,9 теңге.
2025 жылы:
- Міндетті жарналар: 8 500 теңге (МЗЖ) + 1 700 теңге (МӘМС).
- Салық салынатын табыс: 1 975,2 теңге (85 000 – 10 200 – 55 048) × 90 пайызға төмендейді.
- ЖТС: 197,5 теңге.
- "Таза" жалақы: 74 602,5 теңге.
2025 жылы ең төменгі жалақының "таза" мөлшері 33,6 теңгеге артады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2208030-2025-zhyly-qazaqstandyqtardyng-zhalaqysy-ose-me/