Top.Mail.Ru

Зектілері

Қазақстанда доллар сатып алу ережелері күшейтілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Доллар санап жатқан қызметкер
Доллар санап жатқан қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 қаңтардан бастап қазақстандық компаниялар 50 мың доллардан асатын шетел валютасын сатып алатын болса, банктерге валюталық келісімді көрсетуі керек. Қазақстанда долларды сатып алуға қатысты тағы қандай ережелер бекітілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2024 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюталық операцияларды жүргізу ережелеріне өзгертулер енгізді. Тиісті қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды. Жаңа ереже 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Енді жаңа ережеге сәйкес, шетел валютасын сатып алу кезінде сатып алу мақсатын көрсетіп, банкке валюталық келісімді ұсыну қажет.

Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялар, яғни заңды тұлғалар бір жұмыс күні ішінде 50 мың АҚШ доллары немесе одан да көп сомаға валюта сатып алғанда мынаны істеуі керек:

Бір күнде валюта айырбастауға түскен барлық өтініш қорытындыланады. Атап айтқанда, егер компания әрқайсысы "лимитке" жетпеген, бірақ олардың жалпы сомасы 50 мың доллардан асатын бірнеше "ұсақ" транзакцияларды іске асырса, банк сатып алу мақсатын және валюталық келісім сұрайды.

Сондай-ақ компаниялар өз ақшаларымен жасалған транзакциялар туралы есеп беруі керек. Жеке қаражатты шоттан шотқа аудару кезінде клиент шетел валютасын сатып алған күнін көрсетуі керек.

Осылайша, Қазақстанда заңды тұлғалардың ірі валюталық операцияларына бақылау күшейтіледі.

Ал, 2024 жылы ел тұрғындары долларды белсенді түрде сатып алды. Бар болғаны 11 айдың ішінде валютаның айырбастау пункттеріне қайтарылуын есепке алатын долларды "таза" сату теңгемен есептегенде 1,72 трлн-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2208141-qazaqstanda-dollar-satyp-alu-erezheleri-kusheitildi/