Top.Mail.Ru

Зектілері

Ұлттық банк өкілі теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ақша санап жатқан кассир
Ақша санап жатқан кассир. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы жағдай туралы айтып, теңгеге негізсіз қысым күшейсе, Ұлттық банк қандай шаралар қолданатынын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ банктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банк мәліметінше, 2025 жылғы 5 қаңтарда теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 525,00 теңге деңгейінде ашылып, 1 АҚШ доллары үшін 525,00-528,00 теңге аралығында саудаланды. Кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа сараланған бағам 1 АҚШ доллары үшін 526,30 теңге деңгейінде қалыптасып, 0,2 пайызға әлсіреді.

Халықаралық қаржы нарықтары жабық болғандықтан, сауда-саттықтағы белсенділік төмен болып, оның көлемі небәрі 119,5 млн АҚШ долларын құрады.

Салыстыру үшін: 2024 жылғы қаңтарда сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 172 млн доллар болған еді, ал 2024 жылғы желтоқсанда 254 млн долларға жетті. Нарық қатысушыларының сұранысы негізінен демалыс күндері жинақталған доллар бойынша қысқа позициямен қалыптасты.

"Сыртқы факторлардан – күшейіп тұрған АҚШ доллары дамушы елдердегі басқа валюталар секілді теңгеге де қысым көрсетіп келеді. АҚШ долларының индексі 108 тармаққа жетті – бұл екі жылдағы максимум. Осы жағдайдң өзі инвесторлар тарапынан америкалық валютаға қызығушылық артқанын көрсетеді, ал ол бүкіл әлемдегі ұлттық валюталардың позициясына теріс әсер етеді.

Тағы бір фактор – Ресей рублінің динамикасы. Оған нарық қатысушылары Қазақстанның сауда айналымындағы Ресейдің маңызды рөліне байланысты назар аударуға дағдыланған. Алайда, ұзаққа созылатын мерекелік демалыс кезеңінде Ресей рублінің АҚШ долларына қатысты бағамы төмен өтімділікпен бұрмалануы мүмкін екенін ескеру қажет. Мұндай кезеңдерде құбылмалылық артуы мүмкін. Мәселен, 2025 жылғы 3 қаңтардағы жағдай бойынша бағам 1 АҚШ доллары үшін 110,6 рубльге дейін әлсіреді", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар теңгеге қарағанда, рубльге айрықша, соның ішінде санкциялық сипаттағы факторлар әсер етеді. Менің ойымша, қазіргі жағдайдағы Ресей рублінің динамикасы бағдар болмауға тиіс және ол нарықтың шамадан тыс реакциясына ықпал етуі мүмкін. Ал бұл жергілікті нарықта бағамның қалыптасуын бұрмалап, артық құбылмалылыққа әкеледі. Қазіргі уақытта біздің елдеріміздің нарықтары әртүрлі жағдайда жұмыс істейтіні анық. Сондықтан осы жағдайларда Ресей рублінің АҚШ долларына қатысты күрт ауытқуы теңге/доллар айырбастау бағамында көрінбеуі керек, өйткені ол іргелі экономикалық шындыққа сәйкес келмейтіні айтылды.

Ұлттық Банк валюта нарығындағы жағдайды үнемі қадағалап отыратынын мәлім етті.

Теңгеге іргелі факторларға негізделмеген негізсіз қысым күшейетін болса, Ұлттық Банк нарықта алтын-валюта резервтері есебінен валютаның қосымша ұсынысын қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2208867-ulttyq-bank-okili-tengge-bagamyna-qatysty-malimdeme-zhasady/