2025 жылы қай санаттағы зейнеткерлердің БЖЗҚ қорынан түсетін зейнетақы мөлшері артады
Жарияланған күні:
2025 жылы БЖЗҚ-дан жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері бірінші кезекте аз сома алатындар үшін артады. Өсім тағы кімдерге әсер ететінін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
2025 жылы Қазақстанда есептік көрсеткіштер, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін ең төменгі күнкөріс деңгейі ұлғайды. Қазір ол 46 228 теңге болып отыр.
Айта кету керек, оның өсуі тек мемлекеттік зейнетақыларға ғана әсер еткен жоқ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мәліметінше, өсім БЖЗҚ-дағы жинақтар есебінен төленетін төлемдерге де әсер етті.
Біріншіден, 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты ең төменгі зейнетақы төлемі өсті. Оның мөлшері "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі жалақының 70 пайызынан кем болмауы керек.
Нәтижесінде осы жылы БЖЗҚ-дан ең төменгі зейнетақы 32 360 теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға көп. Басқаша айтқанда, өсім зейнетақы жинақтары арқылы ең төменгі төлемді алатын барлық зейнеткерге әсер етеді.
Содан кейін жыл сайын төлем 5 пайыз индекстеу ставкасына өседі. Осылайша, зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты өткен жылдары берілген зейнетақы төлемдері биыл да артады.
БЖЗҚ 1 және 2-топтағы мүгедектер, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген зейнеткерлер үшін төлемнің түпкілікті сомасын арттыратын түзету коэффициенттері қарастырылғанын түсіндірді. Егер азамат екі санатқа да жататын болса, онда жоғарырақ коэффициент қолданылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2210339-2025-zhyly-birynggai-zhinaqtaushy-zeinetaqy-qorynan-kimderding-zeinetaqysy-koteriledi/