Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эйр Астана" компаниясы әлемдегі ең жас флоттар тізіміне енбек

Опубликовано:

2014 жылдың аяғында отандық "Air Astana" әуекомпанияның паркінде орташа жасы бес жылдық әуекөліктер ғана қалады, деп хабарлайды "NewTimes.kz" агенттігі.

Airbus A320 лайнері зауыт өндіруші конвейерінен тікелей жеткізіліпті. Ұшақта 16 бизнес-санаттағы және 132 эконом-санаттағы орындар бар. Жаңа әуе лайнері әуе компанияның қазіргі бағытына шығады.

Сонымен қатар, әуе компания ақпан айында Embraer 190, ал наурыз айында екі Airbus A320 ұшағымен толықпақ.

"Биылғы жылдың орталарында алыс қашықтыққа арналған Boeing-767 ұшақтары келеді. Жыл соңында "Эйр Астана" әуе компаниясы ұшақтарының орташа жасы қысқартылып, бес жылдық әуе көліктері ғана қалады", - делінген компания хабарламасында.

Осылайша, "Air Astana" компаниясы әлемдегі ең жас флоттар тізіміне енбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/301886-ejr-astana-kompaniyasy-elemdegi-en-zhas-flottar-tizimine-enbek/