Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан темір жолы" электронды билет жүйесін енгізді

Опубликовано:

"Қазақстан темір жолы" электронды билет жүйесінің жаңа жобасын ұсынып отыр. Яғни билеттерді интернет немесе өз-өзіне қызмет көрсететін транзакциялық терминал арқылы сатып алуды ұсынады.

Жолың болсын жолаушы. Енді мұндай ізгі тілек ғаламтор арқылы жолданады. "Қазақстан темір жолы" компаниясының бастамасымен жаңа "электрондық билеттеу" жүйесі бойынша бес бағыт ашылды. Олар Алматы, Астана, Орал, Атырау және Ақтөбе қалалары.

"Біздің жобамызға келесі міндеттер кіреді. Электронды билетті сатып алуға мүмкіндік беретін ғаламтордағы бағдарламаны жаңарту, жаңа фискальді кассаларды бес аймақта орнату, төрт маршрут бойынша жол серіктерімізді мобильді терминалдармен, қамтамасыз ету", -  дейді "Электрондық билет" жобасының менеджері Ғазиз Дөненбай.

"Бүгіннен бастап жолаушылар кез келген компьютерден электронды билетті сатып алып, бірден пойызға отыра алады. Ал жолсеріктер мобильдік терминалдар арқылы жолаушыларды тіркейтін болады" - дейді ақпараттық технологиялар дирекциясының басшысы Сергей Никитенко."Кез-келген адам ғаламтор арқылы алған билетін қағазға басып шығаруы керек. Себебі ол тек сол қағаз бойынша пойызға отыра алады. Әзірге басқа тәсіл жоқ. Алайда бұл мәселе де болашақта өз шешімін табады деген ойдамыз", - дейді.

Жүйенің тағы бір ерекшелігі - теміржол билетінің көлемі өзгереді. Билеттің пішіні термоқағазға басылады, әрі оқуға да жеңіл болмақ. Осының арқасында билетті басу шығындары азаяды деген жоспар бар.Ғазиз Дөненбай, "Электрондық билет" жобасының менеджері:Жаңашылдық бүгіннен бастап толықтай қолданысқа енбек. "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы электрондық құжат айналымы 40 пайызға, 2020 жылы 100 пайызға орындалуы тиіс. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/307510-kazakstan-temir-zholy-elektrondy-bilet-zhyjesin-engizdi/