Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Қазақстанда құны 14 млрд теңге шаңғы базасы салынады

Опубликовано:

Енді Оңтүстік Қазақстанның өз шаңғы базасы болады. Шымкенттік әкімдердің 25 жылдан бергі арманы жуық арада жүзеге асқалы тұр.

Табиғаты сұлу Қасқасу тау шатқалындағы 56 гектар жерге орналасатын шаңғы базасында қысы-жазы туристер үзілмейді екен. Біздің елдің емес, бірнеше халықаралық ұйым осындай оптимистік жоспар жасап отыр.

Сөйтіп, шетелдік инвесторлар мен мемлекеттің қолдауы арқасында 4 жылдан кейін бағасы арзан, экологиялық таза курорт пайда болмақ.

Қасқасу, Сайрам Өгем мен Машат сынды табиғаты қайталанбас орманды шатқалдар тұрған Ұлттық бақ аумағы тау шаңғы базасын орналастыруға таптырмас жер. 25 жыл бойы экология саласын зерттеген халықаралық ұйымдар осындай қорытындыға келіпті.

Және ең бастысы бұл жердің табиғатына титтей де зиян келмейді екен.

Шаңғы базасына әуелі Шымкент пен Қасқасуға дейін электр пойызы жүреді. Автокөліктер үшін де арнайы жолдар салынып, жұрт аспалы жолмен де қатынайды.

Инфрақұрылымдарды реттеуге мемлекет әуелі 3 миллиард теңге жұмсаса, кейін шетелдік инвесторлар 11 миллиард теңгені шаңғы базалары мен қонақүйлер салуға жұмсамақшы.

"Канат жолдары осы болса төменнен бастап, бірінші кезеңі, анау көріп тұрған талдарға дейін жетеді. Екінші кезеңі сол талдардан бастап тау шыңдары қар тұрған жерлерге дейін барады", - дейді ОҚО туризм басқармасының бас маманы Жасұлан Төлебеков.

Қымбат жобамен айналысып жатқандар 8 жылдың ішінде өзін-өзі ақтайтынына нық сенімді. Олардың айтуынша, соңғы 2 жыл ішінде Оңтүстік Қазақстанға турист болып келгендердің саны екі есеге өсіпті.

Сонымен қатар, Орталық Азия мен көршілес облыстардан осында келіп демалуды қалайтындардың қарасы көбейген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/314932-ontystik-kazakstanda-kyny-14-mlrd-tenge-shangy-bazasy-salynady/