Ресейден $10 000-ға қандай көлік сатып алуға болады? (фото)
Опубликовано:
Ресейден 10 000 долларға қандай көліктер сатып алуға болады? Көрші елдегі көлік бағасы туралы ztb.kz сайты хабарлайды.
Рубль құнының төмендеуіне байланысты Ресейде автокөліктер қатты арзандап кетті. Бұл жағдайды өз пайдасына асырған біздің отандастар Ресеймен шектес аймақтарға көлік және өзге тауарлар сатып алуға ағылуда.
Әртүрлі сайттарға көз жүгіртіп, бағаларын салыстырған "Автомобили-Казахстан" журналы өз шолуын жасап, қай көліктерді Ресейде 10 мың долларға сатып алуға болатыны туралы жазды.
Toyota Camry
Шыққан жылы: 2006 - 2009
Қазақстандағы бағасы: $14 000 - 16 000
Ресейдегі бағасы: $8 000 - 10 000
Суретте: 2007 жылғы көлікті 9600 долларға сатылымға қойылған. Көлік иесінің сөзіне сүйенсек, авто соғылмаған және сырланбаған. Мұндай көліктің ескілеуін әлдеқайда арзанға таба аласыз.
Toyota Corolla
Шыққан жылы: 2008 - 2012
Қазақстандағы бағасы: $14 000 - 16 000
Ресейдегі бағасы: $7 000 - 10 000
Суретте: 2012 жылғы көлік, толық жиынтықтағы, құны 9 500 доллар.
Toyota RAV4
Шыққан жылы: 2003 - 2005
Қазақстандағы бағасы: $14 000 - 17 000
Ресейдегі бағасы: $7 000 - 10 000
Суретте: 2004 жылғы "тоқал авто" 9 500 долларға сатылымға қойылған.
Toyota Prius
Шыққан жылы: 2006 - 2009
Қазақстандағы бағасы: $14 000 - 16 000
Ресейдегі бағасы: $7 000 - 10 000
Суретте: 2006 жылғы гибридтік көлік, құны 7 500 доллар.
Nissan Murano
Шыққан жылы: 2005 - 2007
Қазақстандағы бағасы: $14 000 - 19 000
Ресейдегі бағасы: $8 000 - 10 000
Суретте: 2006 жылғы Murano 8 500 долларға сатылымға қойылған.
Nissan Teana
Шыққан жылы: 2005 - 2008
Қазақстандағы бағасы: $12 000 - 19 000
Ресейдегі бағасы: $8 000 доллар - 10 000
Суретте: 2006 жылғы көлік, құны 8 700 доллар.
Nissan Almera
Шыққан жылы: 2014
Қазақстандағы бағасы: $11 000 - 15 000
Ресейдегі бағасы: $8 000 - 10 000
Суретте: 2014 жылғы көлік 8 900 долларға сатылымға қойылған.
Сонымен қатар, төмендегі көліктерді де $10 мыңға сатып алуға болады.
Nissan X-Trail
Шыққан жылы: 2004 - 2008
Қазақстандағы бағасы: $13 500 - 15 500
Ресейдегі бағасы: $8 000 - 10 000
Суретте: 2005 жылғы көлік 9 500 долларға қойылған
Nissan Qashqai
Шыққан жылы: 2005 - 2008
Қазақстандағы бағасы: $14 000 - 16 000
Ресейдегі бағасы: $8 500 - 10 000
Суретте: 2008 жылғы көлік 9 700 долларға сатылымға қойылған.
Honda Civic
Шыққан жылы: 2006 - 2009
Қазақстандағы бағасы: $9 000 - 16 000
Ресейдегі бағасы: $7 000 - 10 000
Суретте: 2008 жылғы көлік, құны 7 700 доллар.
Honda CR-V
Шыққан жылы: 2004 - 2007
Қазақстандағы бағасы: $11 000 - 18 000
Ресейдегі бағасы: $8 000 - 10 000
Суретте: 2005 жылғы көлік 9 200 доллар тұрады.
Honda Accord
Шыққан жылы: 2006 - 2008
Қазақстандағы бағасы: $10 000 - 18 000
Ресейдегі бағасы: $8 000 - 10 000
Суретте: 2006 жылғы көлік, құны 8 100 доллар
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/358607-resejden-10-000-ga-kandaj-kolik-satyp-aluga-bolady-foto/